2 қыркүйек білім күні » Д.Қонаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Д.Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2 қыркүйек білім күні
11
сентябрь
2017

2 қыркүйек білім күні

1-қыркүйек Білім күні.

«Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу біздің қанымызда бар қасиет»,- деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласында айтып өткендей дарынды бала мәңгілік ел болашағы. Осындай дарынды балаға толы, 1045 оқушысы бар білім ордасының бірі –Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебі. «Білімді мыңды, білекті бірді жығады» дегендей ата-бабаларымыздың үлкен құндылықтар жүйесін саналарына сақтап, білім мен тәрбие алуда әр нәрсеге сын көздерімен қарап, жақсы үрдістерді бойларына сіңіріп, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы мектебіміздің мәртебесін көтеретін оқушыларымыздың барына мақтанамыз. Өйткені, біздің мектебімізде өзгелер үлгі тұтатын, білімдерін үнемі шыңдап, жақсылыққа ұмтылып, патриоттық рухты бойына сіңіре білген мектебіміздің түлектері мен білім алушылар көптеп саналады. Олар: биылғы жылдың «Алтын белгі» иегері- Юсупов Махсум, және үздік аттестат иегері Дурсунов Бекпаша. ҰБТ тапсырған 18 түлектің он бірі ЖОО-ның білім гранттарын жеңіп алғаны да біз үшін үлкен жетістік. Олардың ішінде Абай атамыздың баяғыда айтып кеткен «Адам бол» деген ұранының көрінісі іспетті, адамдықтың, азаматтықтың үлгісін өз ісімен дәлелдеген осы жылдың түлегі Жамаладдинов Тимурбек те бар.
Н.Ә.Назарбаев заманауи отандық білім беру жүйесінің реформасына үлкен назар аударады. Өйткені ол біздің еліміздің нақты бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін маңызды құралдарының бірі болып табылады. Мемлекетіміздің стартегиялық даму бағыты ретінде «Мәңгілік ел» айқындалды және әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену мақсаты қойылды. Ал оған тек білім, ғылым мен инновация жолымен ғана жетуге болады.
Елбасымыздың «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» - деген сөздерін татулықтың туы етіп ұстаймыз. Өйткені, біздің бәріміздің мүддеміз бір. Ендеше, Елбасы сенімін, ел сенімін ақтауға ат салысайық. Табысты болудың ең іргелі басты факторы білім. Басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы қажет. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» - деп елбасымыз айтқандай «Мен елімнің патриотымын» атты Білім күніне арналған салтанатты жиын 2 қыркүйек күні мектебімізде үлкен іс-шара ретінде аталып өтті.
Қазақстан Республикасының Гимні орындалғаннан соң, жүргізушілер сөз кезегін қонақтарға берді. Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндер мерекені жалғастырды. Алғашқы қоңырау салтанатты жиынынан кейін барлық сыныптарда «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында ашық тәрбие сағаттар өткізілді.
Мерекелік іс-шара қызықты, әрі көңілді өтті.


Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Тенгизбаева Жазира Тазабайқызы


Похожие публикации: