Д.Қонаев атындағы орта мектеп» КММ 09.09-13.09.2024 жылы 1-11 сыныптарда «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
«Д.Қонаев атындағы орта мектеп» КММ
09.09-13.09.2024 жылы 1-11 сыныптарда «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі»
тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: отбасына деген сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
1-4 сынып оқушыларына отбасы құндылығы, ата – ана, ата – әже құндылығы, тәрбиесі туралы тұсінік қалыптастырды. Оқушылар әжелерінің айтатын өсеиттерімен бөлісіп, отбасы туралы өлең жолдарын оқыды.
5-11 сынып оқушылары отбасы құндылығы туралы дөңгелек үстел өткізіп, бала тәрбиесі, ата –ананың қарым – қатынасы, үйдегі салт – дәстүрлер туралы өз пікірімен бөлісті.
Оқушыларға отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беріп, бақытты жанұяның моделін көрсету, сондай-ақ, оларды жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеуді көздеген тәрбие сағаттары өте қызықты өтті.