2024-2025 оқу жылы оқу жылының басталуына орай 1 қыркүйек -білім күніне «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбындағы салтанатты жиыны және бірыңғай тәрбие сағаты «Менің-Отаным» 1-11 сыныптарда өткізілді.
2024-2025 оқу жылы оқу жылының басталуына орай 1 қыркүйек -білім күніне «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбындағы салтанатты жиын өткізілді және бірыңғай тәрбие сағаты «Менің-Отаным» 1-11 сыныптарда өткізілді.
Мектеп директоры Ахметова Римма Ауесхановна мектеп білім алушыларына құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.
Салтанатты жиын және алғашқы сынып сағаты бұл мектепте жаңа оқу жылының ашылуына арналған әрі білім берудің адам өміріндегі маңызы мен рөлін айқындайтын іс-шаралар болып табылады.
Мемлекеттік гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртіпке сәйкес жүргізілді .
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.
Міндеттері:
- білім алушылардың бойында оқуға құштарлыққа ұмтылысын қалыптастыру;
- білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.
Салтанатты жиын келесі өкілдердің қатысуы ұсынылады:
- жергілікті атқарушы органдар;
- бөлімдердің/білім басқармаларының басшылары;
- қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
- оқушылардың ата-аналары/заңды өкілдері;
- азаматтық қоғам және бизнес өкілдері.
Сынып сағаты аясында ұлттық құндылықтардың, патриотизмнің, адалдықтың, адам өміріндегі бір-біріне деген құрмет пен сенімнің рөлін талқылауға ерекше назар аударылады.
Сынып сағатын өткізу кезінде кәсіби қызметінде елеулі жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс және отаншылдық құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын құрметті қонақтың қатысуы ұсынылады.
Сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
Міндеттері:
- білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
- білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;
- отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.