Нуржанова Дилшад Данияровна
Алматы облысының Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің 13.06.2025 жылғы № бұйрығына сәйкес Нуржанова Дилшад Данияровна, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылындағы «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Д.Қонаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мектеп директоры болып тағайындалды. Педагогикалық өтілі: 22 жыл.
Білімі: жоғары.
2003 жылы Технология институтының «Ақпарат технологиялары» мамандығын аяқтаған.
2017 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Математика» пәні мұғалімі мамандығын аяқтаған.
Нуржанова Дилшад Данияровна 21 тамыз 1982 жылы туған, Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында тұрады.
Еңбек жолы:
2003-2007 жылы №39 орта мектеп информатика пәні мұғалімі.
2007-2010 жылы Өнеркәсіп-техникалық колледжде информатика пәні мұғалімі.
2010-2015 жылы №36 орта мектепте информатика пәні мұғалімі.
2016-2018 жыл - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы "Д.Қонаев атындағы орта мектеп" КММ математика пәні мұғалімі.
2018-2019 жыл - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы "Бәйтерек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2019-2023 жыл - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы "Бәйтерек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2023-2025 жыл Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «О.Жандосов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2024 жылы «Білім берудегі 1000 көшбасшы» жобасы бойынша іріктеу кезеңдерінен өтіп, Республикалық кадрлық резервіне енген.