05.09.2024 жылы Тілдер мерекесіне және Ұлт ұстазы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ұлы реформатор А.Байтұрсынұлының туған күніне орай «5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні» тақырыбында қазақ тілі және әдебиеті пәні кабинетінің ашылуы
05.09.2024 жылы Тілдер мерекесіне және Ұлт ұстазы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ұлы реформатор А.Байтұрсынұлының туған күніне орай «5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні» тақырыбында қазақ тілі және әдебиеті пәні кабинетінің ашылуы өткізілді.
Басты мақсат туған тілге деген құрмет мен сүйіспеншілікті, мемлекеттік тілдің еліміздегі этностарды біріктірудегі тарихи маңызын таныту.
Кабинеттің ашылу салтанатына Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б.Сабырбаева, ҚР Аналар Қауымдастығының Алматы облысы бойынша төрағасы, ҚР Құрметті азаматы, Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері Жошыбаева Гүлнар Сағатовна құрметті қонақтары қатысты. Кабинеттің ашылуы мектеп директоры Р.Ахметованың сөзімен басталды. Кеш қонақтары өз құттықтауларын арнады. Мектеп оқушылар қазақ, орыс, ағылшы, түрік, ұйғыр тілдеріне өзек жарды өлең жолдарын арнады.
Кабинеттің ашылу салтанаты рәсімін орындау Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б.Сабырбаева, ҚР Аналар Қауымдастығының Алматы облысы бойынша төрағасы, ҚР Құрметті азаматы, Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері Жошыбаева Гүлнар Сағатовнаға берілді. Қазақ тілі және қазақ әдебиеті кабинетінің таныстыруын қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі И.Молдабаева өткізді.