Мектептің өзін-өзі бағалау
Қонаев атындағы орта мектептің 2023-2024 оқу жылындағы өзін-өзі бағалау көрсеткіштері бойынша оқу – тәрбие жұмысының талдауы
2023-2024 оқу жылындағы мектептің оқу-әдістемелік тақырыбы «Заманауи білім технологиялары мен интербелсенді әдіс-тәсілдер оқушылардың білім сапасы мен тәрбиесін дамытудағы негізгі фактор» Учебно-методическая тема школы на 2024-2025 уч. год «Современные образовательные технологии как фактор повышения качества знаний и воспитанности учащихся». Мақсаты (цель): білім мазмұнын жаңарту жағдайында кіріктірілген оқыту арқылы(STEM) оқушылардың білім және тәрбие деңгейін арттыру (интегрированный подход обучения с целью повышения уровня образования и воспитания учащихся в условиях обновления содержания)
Білім беру мен тәрбиелеуде білім беру саясатындағы негізгі принциптерді: оқытудың адамгершілік сипаты; білім алу формаларын еркін таңдау; білім алуға қолжетімділік; Отанға, жанұяға, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке, адам бостандығы мен құқығына құрметке, еңбексүйгіштік пен азаматтыққа тәрбиелеу; білім алуды басқарудың демократиялық сипатын басшылыққа ала отырып төмендегі міндеттерге басымдылық берілді:
Білім сапасыныңы арттыруда:
- отандық және әлемдік тәжірибелер негізінде оқу-тәрбие үрдісіне біріктірілген оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын енгізу арқылы білім сапасын арттыру, мектеп жасындағы балалалардың сапалы білім алуына қол жетімділікті қамтамасыз ету;
- білім мазмұнын жаңарту бағдарламасын жүйелі іске асыру(1-10 сыныптар);
- білім алушылардың, мұғалімдердің және ата-аналардың пікірін ескере отырып физика, химия, биология пәндерін тереңдетіп оқыту және информатика. биология пәндерін ағылшынша оқытуды ұйымдастыру;
- 10-сыныпта жаңа пәндердің енгізілуіне байланысты (алғашқы әскери және технологиялық дайындық, кәсіпкерлік және бизнес негіздері, графика және жобалау) кәсіби бағдар, мамандыққа баулу жұмыстарын жақсарту, кәсіби даярлау және ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында білім алушылармен кәсіптік диагностикалау мен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын дамыту;
- жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогтарды әдістемелік қолдау жұмыстарын жақсарту: педагогтардың кәсіби өзін-өзі жетілдіру, біріктірілген оқытудың авторлық бағдарламаларды әзірлеу, критериалдық бағалау бойынша әдістемелік көмек беру; педагогтардың біліктілігін арттыруды болжау, жоспарлау және ұйымдастыру, озық іс-тәжірибені тарату;
Тәрбие беру жұмыстарын жақсартуда:
- «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру мақсатында: «Қоғамға қызмет» жобалары шеңберінде мектеп ерікті отрядтары жұмысын жандандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «Отбасы мен мектеп» байланысы шеңберінде үйде оқитын оқушылармен жұмысты дамыту, кәсіби білім беру жұмыстарына басымдық беру, «Жас ұлан», «Жас қыран», «Жас сарбаз», «Ұлы дала Скауты», «Жұлдыз» балалар мен жасөспірімдер жұмысын жандандыру;
- Әрбір оқушының ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу, әлеметтендірудің 12 қадамдық алгоритмін басшылыққа алу арқылы инклюзивті білім беруді жақсарту;
- Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты, суицид, экстремизм, терроризмнің алдын алуда психологиялық жұмыстарды жақсарту;
2024-2025 оқу жылындағы жалпыға міндетті білім беру бойынша атқарылған жұмыстар
2023-2024 оқу жылы ЖМББ жұмыстарында ҚР «Білім туралы» Заңына, ҚР білім берудің мемлекеттік стандартына, «Мектеп уставына», білім алушылардың құқығы мен міндеттері анықталған ҚРБҒМ, облыстық білім басқармасының, аудандық білім бөлімдерінің және мектепішілік бұйрықтарды негізге ала жұмыс атқарылды. Мектепте білім алу екі тілде, педагогикалық кеңес бекітілген жұмыс кестесімен жұмыс атқарды. Оқу жылының жоспары ҚР білім берудің мемлекеттік стандартын негізге ала отырып жасалынды. Жоспарды құрастыруда білім беру сатыларының арасындағы сабақтастық сақталды. 1-4 сыныптар бастауыш буын 5-11 сыныптарда 5 күндік оқу жүктемесімен оқыды. Білім алушылардың әр сабақта жеке және жас ерекшеліктеріне, қабілеттеріне, ерекше білім қажеттіліктеріне сәйкес іс-әрекетке тартылды, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері қолданылды. Сынып жиынтықтарында негізінде мектептің мөлтек аудандарындағы балалар оқиды. : І ауысым - мектепалды даярлық МАД 0а, және 1,4, 2а, 8, 9,10,11 сыныптар, барлығы 27+1 сынып жиынтығы; (572+8=580)
ІІ ауысым МАД 0б, және 2ә,б,в,г,д, 3а,ә,б,в,5,6,7 сыныптар, барлығы 25+1 сынып жиынтығы. (578+22=600)
оқыды. Мектеп контингенті негізінен тұрақты, сыныптың 2023-2024 оқу жылындағы орташа толымы -22.
Оқу жылын 1-11 сыныптарда 1139 білім алушы 52 сынып жинағымен аяқтады, мектепалды даярлық сыныптарында 65 тәрбиеленуші білім алды. 4 сынып, оның ішінде:10а-22, 10б-17, 11а-20, 11б -11, жалпы саны 70 білім алушы жаратылыстану-матиматикалық бағытымен оқыды. Мектеп бойынша үйден оқытылатын оқушылар саны 21. Оның ішінде денсаулығына байланысты көмекші бағдарламамен үйден оқытылатын оқушылар саны -8,
Жыл соңындағы 1-11 сынып білім алушылар саны, білім сапасы мен оқу үлгірімі:
Бастауыш сынып: барлығы 21 сынып - 472 білім алушы, білім сапасы-59%(1-сыныптар қорытылмады);
Негізгі буын: барлығы 27 сынып – 597 білім алушы, білім сапасы-51,6%;
Жоғарғы буын: барлығы 4 сынып – 70 білім алушы, білім сапасы-57,1%.
Мектеп 2023-2024 оқу жылын 100 % үлгtрім мен 55% білім сапасымен аяқтады. 164 оқушы «5»-пен, 389 оқушы «4» және «5» -пен аяқтады. Қазақ сыныптарында бала саны 570 54.7% білім сапасын көрсетсе орыс сыныптарында бала саны 569, 54,6% білім сапасын көрсетті.
9 сыныпты 120 оқушы аяқтап, 13 оқушысы негізгі мектепті үздік аттестатпен, 11 сыныпты 31 түлек аяқтап, 1 түлек жалпы орта мектепті «Үздік» аттестатпен, бітірді.
Мектеп контингенті негізінен тұрақты, сыныптың 2023-2024 оқу жылындағы орташа толымы -22
Ұлттық бірыңғай тестлеу. 2023-2024 оқу жылында 11 сыныпты 31 түлек бітірді (20 оқушы қазақ, 11 орыс тілінде).
Жоспарға сәйкес жыл бойы ҰБТ-ға түсіндірме-ақпараттық және дайындық жұмыстары жүйелі жүргізілді. Жыл басында ҰБТ тапсыруға 23 (82,08%) түлек өтініш білдірді. Өтініш бергендер ережеге сәйкес ақылы бөлімге 2, грантқа түсу үшін 2 рет ҰБТ тапсырды. ЖОО грантын жеңіп алу үшін түлектерге берілген 1,2 мүмкіндік бойынша көрсеткіштер төмендегідей:
Пәндер | 11 «А» | 11 «Б» | Мектеп бойынша | Пән мұғалімдері | |||
1-мүмкіндік (қатысқаны 16) | 2-мүмкіндік (қатысқаны 14) | 1-мүмкіндік (қатысқаны 6) | 2-м мүмкіндік (қатысқаны-4) | 1-мүмкіндік | 2-мүмкіндік | ||
Оқу сауаттылығы (20 балдан) | 17,3 | 17,3 | 17,2 | 17 | 17,25 | 17,1 | Айгүл Хавсилам. Морозова С.А. |
Математикалық сауаттылық(15 балдан) | 6,9 | 6,5 | 7,1 | 9 | 7 | 7,7 | Кенебаев Ж.Ж. Тойгамбекова А. |
Қазақстан тарихы(15 балдан) | 8,2 | 7,2 | 9,1 | 9 | 8,6 | 8,1 | Кабдиев М.З |
Дүние жүзі тарихы (45балдан | 20,2 | 19,5 | 10 | 15,1 | 19,5 | Кабдиев М.З | |
Математика(45балдан) | 18,2 | 18 | 24 | 33 | 21,1 | 25.5 | Кенебаев Ж.Ж. Тойгамбекова А |
Физика(45балдан) | 17 | 20 | - | 17 | 20 | Кабдиева. Б. Колжасаров Н. | |
География(45балдан) | 25 | 23 | 11 | 21,5 | 18 | 22,2 | Сейдуллаев Ж.К Акчибаева Л. |
Химия(45балдан) | 11 | 9,6 | 8,6 | 7 | 9,8 | 8,3 | Актамкулова К.М Монастырева И.П. |
Биология(45балдан) | 13,2 | 17,5 | 12,6 | 17 | 13 | 17,2 | Актамкулова К.М Монастырева И.П |
Ағылшын тілі(45балдан) | 21,7 | 24,7 | 20,5 | 17 | 21,1 | 20,8 | Серикбаев Е. Попова С |
ЧОП | 14 | - | 14 | - | Кабдиев М.З | ||
Сынып бойынша орташа балл | 65,5 | 66,8 | 57,6 | 74 | 61,5 | 70,4 балл | |
1-мүмкіндік бойынша тапсырғандар саны 23, оның ішінде 50 балдан төмен жинағандар – 5 (Жакипбаева Дурия.-48, Жақсылық Әсел -48, Құлнияз Нұрсәуле-46,Кибар Тахир-44,Алиев Рамазан-47 ); 100 балдан жоғары жинағандар – 1 (Фазыл Алмат -106).
2-мүмкіндік бойынша тапсырғандар саны 23, оның ішінде 50 балдан төмен жинағандар – 6 ( Жакипбаева Дурия.-47, Болат Санжар-42,Жақсылық Әсел -50, Құлнияз Нұрсәуле-50, Кибар Тахир-46,Алиев Рамазан-37 ); 100 балдан жоғары жинағандар – 1 (Фазыл Алмат.-106)
ҰБТ-ның 2022,2023,2024 жж көрсеткіші:
№ | Көрсеткіш | 2022 | 2023 | 2024 |
1 | Түлектер саны | 46 | 28 | 31 |
2 | Олардан ҰБТ-ға қатысқан | 35 | 22 | 23 |
3 | ҰБТ-ға қатысқан % | 76,08 | 78,6 | 76,08 |
4 | 50-ден төмен алғандар саны, аты-жөні. | 4 | 3 | 5 |
5 | Орташа балл саны | 65,3 | 80,6 | 70 |
6 | Үздік аттестатпен | Шерман Бекарыс Шәді Қарақат Мартышева Таисия Задиева Мадина | Серік Нұрай | |
7 | «Алтын Белгі» | Преснова Виктория | Тайирқызы Жанерке Уразимбетова Асемай | |
8 | 0 балл | жоқ | жоқ | жоқ |
9 | Грантқа түскендер | 12(50%) | 13(59%) | 10 (59) |
10 | Жоғары оқу орындарға түскендер (ақылы) | 5(21%) | 4(17%) | 8 (21) |
Қорытынды. 2023-2024 оқу жылында білім сапасын арттыру бағытында жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін берді. Кеткен кемшіліктер дер кезінде анықталып және олқылықтарды жою, олардың орнын толықтыру бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, білім сапасы үнемі мектепішілік бақылауға алынды. Бақылаудың басым көпшілігі мемлекеттік білім стандартының, оқу бағдарламасының, Білім туралы заңның, жалпыға міндетті біліммен қамту заңының орындалуы басшылыққа алынды. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы педагогикалық кеңесте, директор жанындағы жиында қаралып, қаралған мәселелерден шешім шығарылып, іс-шаралар жоспары құрылды. Жалпы алғанда білім алушыларды базалық біліммен қамту, үлгірмеушіліктің алдын алу сұрақтары бойынша мектеп жұмысын қанағаттанарлық деп қорытынды шығаруға болады.
Сыныптар | 2-4 сынып | 5-9 сынып | 10-11 сынып | жалпы |
2023-2024о.ж І тоқсан | 47,5 | 40,4 | 38 | 43,6 |
2023-2024о.ж ІІ тоқсан | 52,2 | 44,2 | 45,1 | 47 |
2023-2024 о.ж ІІІ тоқсан | 55 | 48,2 | 56 | 52.6 |
2021-2022 о.ж ІҮ тоқсан | 51,9 | 51,5 | 57 | 54,5 |
Оқу жылы бойынша | 59 | 51.6 | 57,1 | 55 |
Соңғы үш жылмен салыстырғанда мектептің білім сапасының көрсеткіші:
Оқу жылы | 2021-2022 | 2022-2023 | 2023-2024 |
Сапа % | 52% | 53,5% | 55. |
Үлгірім % | 100% | 100% | 100% |
2023-2024 оқу жылында білім сапасын арттыруда нәтижеге бағытталған жұмыс жоспарлы жүргізілгенімен, сонымен қатар кедергілер мен кемшілік кеткен тұстар да бар.
Ø Олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру бағытындағы жұмыстар сәйкесінде қажетті нәтиже көрсетпеді. Себебі, оқушылардың санының көп болуы мен кабинеттердің жеткіліксіз болуына байланысты қосымша сабақтар уақытында және нәтижелі өтілген жоқ.
Ø Үлгермеуші оқушылар жоқ болса да, қызығушылықтары, белсенділіктері төмен білім алушылармен жеке жұмыстар қажетті деңгейде жүргізілмей келеді.
2023-2024 оқу жылындағы білім сапасын арттыру бағытындағы міндеттер:
1. Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толтыру;
2. Өткен оқу жылыда кеткен кемшіліктер бойынша оқытудың әртүрлі форматына дайын болу;
3. Инклюзивті білім беру мен үйден оқыту бойынша жұмыстарды жандандыру;
4. «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру;
5. 5-сыныптан бастап ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу;
6. Сабақтастық жұмысын қайта қолға алу.
2023-2024 оқу жылындағы жүргізілген әдістемелік жұмысының талдауы.
Мектептің өзекті мәселесі:
«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында жеке тұлғаның функционалдыдық сауаттылығын қалыптастыра отырып, білім сапасын көтеру».
МАҚСАТЫ:
Білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту.
Білім беруді басқарудың одан әрі даму негізінде қазақстандық білім беру моделінің нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру;
Әр түрлі деңгейдегі оқыту технологиясы негізінде мұғалімнің шығармашылық қызметінің тәжірибесін қалыптастыру;
Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту ;
Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және функцияналдыдық сауаттылығын дамуын қамтамасыз ету.
Инновациялық технологияларды меңгеруге, жаңартылған оқу бағдарламаларын (ұйымдастыру,ғылыми- әдістемелік, материалдық-техникалық ,нормативтік)жүзеге асыруға жағдай туғызу;
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Білім беруді басқарудың одан әрі даму негізінде қазақстандық білім беру моделінің нормативтік, құқықтық базасын жетілдіріледі;
Әр түрлі деңгейдегі оқыту технологиясы негізінде мұғалімнің шығармашылық қызметінің тәжірибесі қалыптастырылады;
Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту жүзеге асырылады ;
Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және функционалдыдық сауаттылығы дамуы қамтамасыз етіледі.
Ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту беріледі.
Күтілетін нәтижелер:
білім беру ортасының қоғамның ағымдағы сұранысына бейімделуі;
оқыту сапасының артуы, мұғалімнің өз пәні саласында білімнің жинақталуы, оқытудың қазіргі әдістерін меңгеруі мен педагогикалық процесті компьютерлік технология көмегімен ұйымдастыруы;
дарынды оқушылармен жұмыс нәтижесінде олимпиада, ғылыми жоба, түрлі байқаулар жеңімпаздарының санының артуы
- Мектеп мұғалімдерінің тәжірбие алмасуын ұйымдастыру;
- Пәндерді оқытуда озық тезнологияларды қолдану;
- Тәжірбие алмасу үшін тренерлік шағын топтар құру:
- Озық педагогикалық тәжірибелерді тарату жұмыстарын жүргізу
-Мұғалімдердің өзіндік білім көтеру тақырыптары бойынша жұмысты жандандыру
Әдістемелік қызмет көрсетудің негізгі буыны әдістемелік бірлестіктер болып табылады.
Мектепте бірнеше әдістемелік бірлестіктер құрылған:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі – А.П.Кускулакова
2.Орыс тілі мен әдебиеті және тарих пәні бірлестігі-Л.Б.Тамаева
3.Ағылшын тілі пәні бірлестігі – С.Г.Папова
4.Жаратылыстану пәні бірлестігі - Л.С.Акчибаева
5.Қазақ бастауыш сынып бірлестігі- Г.А.Уакпаева
6.Орыс бастауыш сынып бірлестігі-И.А.Масягина
7.Математика,физика,информатика пәндерінің бірлестігі – М.М.Талдыбаева
8.Көркем еңбек, музыка, тарих пәндерінің бірлестігі – Н.Турлыбаева
9. Дене шынықтыру пәні бірлесітіг-М.Йулдошев
Әдістемелік бірлестіктер жұмыстарының негізгі мақсаты – ЖББМ бағдарламасы арқылы оқушылардың оқу процессіндегі әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жетілдіру. Оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуына, жағдай жасап, мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналарыдың өзара ынтымақтасуына негізделген.
Әр пән бірлестігі мектептің тақырыбымен тығыз байланысқан белгілі әдістемелік тақырып бойынша жұмыс жүргізілді. Мысалы:
Қазақ тілі мен әдебиет бірлестігінің тақырыбы«Мәңгілік елдің- мәңгілік тілі»
Ағылшын тілі бірлестігінің тақырыбы:«Актуальные вопросы преподавания английского языка в школе. Совершенствование программ обновлённого содержания »
Математика , физика , информатика бірлестігінің тақырыбы «Педагогикалық құзыреттілік және кәсіби шеберлік –
білім сапасын қамтамасыз етудің шешуші факторы
Бастауыш сынып бірлестігінің тақырыбы: Жаңартылған білім бағдарламасы аясында білім сапасын арттыру мен жан-жақты көзқарасы қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу
орыс бастауыш мектебінің бірлестігінің тақырыбы: Білім берудің жаңартылған мазмұнын игерудегі оқу үрдісін ұйымдастырудың замануи тәсілдері
ПРОБЛЕМА МО: формирование научных знаний и убеждений в становлении ответственности отношений к окружающей среде. Активизация познавательной деятельности на уроках химии, биологии, географии путем применения новых педагогических технологий»
Тема МО: «Актуальные вопросы преподавания русского языка в школе. Совершенствование программ обновлённого содержания »
Пән бірлестіктерінде мұғалімдердің аттестаттауға әзірлігі, курстан өтуі, әр тоқсанда білім сапасы, жарты жылдық қорытындысы бойыншы жетістіктер мен кемшіліктері қаралып, қорытындысы шығарылады. Әр пән бірлестіктеріндегі тәлімгерлердің жас мамандармен жүргізілген жұмыстары, озық іс-тәжірибелерді тарату мақсатында аудандық семинар ұйымдастырылды.
Мұғалім – ғасыр көшін бастаушы болып табылады.
«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»демекші, еліміздің білім беружүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып,жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады.Осыған орай, мектеп бойынша жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өткен мұғалімдер саны – 29, Қысқа мерзімді 80 сағат көлемінде курста – 12, Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер саны – 9,Мектеп тренерлігінен өткен мұғалімдер саны – 2, Робототехника негіздері курсынан өткен мұғалімдер саны - жоқ,«Биология», «Физика», «Информатика» және «Химия» пәндері бойынша тілдік деңгейін көтеру курсынан өткен мұғалімдер саны – 1,«Тәжірибедегі рефлексия» курсынан өткен мұғалімдер саны – 12,«Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» бойынша курстан өткен мұғалімдер туралы мәлімет – 1. Осы көрсеткіштерге қарағанда мектептің педкадрларының кәсіби деңгейлері орташа.Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту курстарға 49. Мұғалімдердің алдын – ала дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программалық қамтамасыз етілмесе оқушылардың білімі жоғарламайды.
Мектеп ұжымының сапалық құрамы -сапалы білімнің кепілі.Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын құзыреттілікке және сапаға бағытталған тың бағдарлама. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау – ұстаздың басты міндеті болуымен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес.
Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден бір шарты мұғалімнің ізденімпаз болуы.Қазіргі замандағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін — өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады.
Білім беру саласында қордаланған мәселенің бірі кадр тапшылығы. Мемлекет басшысының Жолдауында қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап бара жатқанын атап өтті. Оған себеп – ауылдық жерлерде білікті педагог кадрлардың тапшылығы. Мектебімізде орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімі, орыс тілінде оқытатын математика, орыс тілі пән мұғалімдеріне деген сұраныс туып отыр. Осыған байланысты ЖОО-мен байланыс орнатылып кадрлар тапшылығын шешуге тырысқанымызбен, болашақ мамандардың ауылға деген қызығушылықтары төмен болып тұр. Біз осы мәселені педагогикалық ұжымның ішіндегі жас кадрларды қажеттілік туындаған пәндерге қайта оқыту
арқылы мәселе түйінін шешудеміз.
Мұғалім шығармашылығының жемісі - дарынды балаларының жеңісі. Дарынды балаларды дамыту өзекті мәселе болып келеді. Лидерлік, тұлғалық, даралық қабілеті бар оқушылардың шығармашылық потенциалының кең ашылуына жағдай жасау негіздемелері дарынды оқушылармен жұмысты жүйелі ұйымдастыруды жолға қою мақсатында жасалынды.
2023-2024 оқу жылында мынадай іс шаралар өткізілді
Ғылыми әдебиет пайдалану.Таңдалған тақырып аясында мағлұмат алу.
Пән бойынша мектептік, аудандық олимпиадаға дайындық.
Пән бойынша мектеп олимпиадасын өткізу.
«Ақбота «республикалық интеллектуалдық марафонына қатысты.
Дарын республикалық олимпиадасына қатысты.
Республикалық онлайн олимпиадасына атап айтқанда КИО,Абай-ға қатысты.
Халықаралық олимпиада «Кенгуру» өткізілді.
Халықаралық олимпиада «Тарих ата» өткізілді.
Оқушылардың және пән мұғалімдерінің жетістіктері туралы мәлімет 2023-2024 оқу жылы
Даулетова С.Қ- 2023-2024 оқу жылындағы өзекті мәселесі: «Диалогті оқыту арқылы оқушылардың түсіну, ойлау қабілетін дамыту» . Өз жұмыстарын әдістемелік сайттарға, журналдарға жариялап отырады. Жаңа технология бойынша «Қазақ тілі әдістемесі» Республикалық журналына желтоқсан айында «Қазақ – қонақжай халық» атты сабағын жариялады. Дарынды оқушымен жұмыс нәтижелері: 2023-20234 оқу жылы бойынша мектепішілік пән олимпиадасында Эльбрусова Нигара І орынға, ал аудандық пән олимпиадасында қазақ тілінен 8 «Г» сынып оқушысы Эльбрусова Нигара ІІІ орынға иеленіп, Дипломмен марапатталды. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен 21-22 қыркүйек өткен өзге ұлт оқушылаары арасында қазақ тілінен «Тіл-тәуелсіздік тұғыры» олимпиадасына мектебімізден 22 оқушы қатысып, сертификатталды және жүлделі орындарға ие болды: Юсупов М-ІІІ орын, Нуриева З-ІІІ, Алиева Г-ІІІ, Сулиева Д-ІІІ, Туртурова Г-ІІІ орындарды иеленді. Үлгерімі төмен оқушылар: Диких Вениамин, Дума Кирил 8В сынып, Мамедов Камал, Татаев Фархат 9Б сынып, Абдуллаев Мухаммет 8В сынып. Бұл оқушылардың калиграфиясын түзету мақсатымен көркем жазу жұмыстары жүргізілді. «Білім» педогогикалық шығармашылық орталығы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен өткен аудандық, облыстық, республикалық «Абай» пән олимпиадасына қазақ тілінен 5 оқушы қатысып жүлделі орындарды иеленді. «Дарын» орталығында өткен «Педстарт» олимпиадасында жүлделі 2 орын иеленді.
Биетова С.К-2023-2024 оқу жылының қазан айындағы «Абайтану» олимпиадасына «Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы» номинация бойынша қатысып, Серік Нұрай 10-сынып оқушысы 2- орынды иеленді. Сондай-ақ, Мырзабаев Жанболат және 8»Ә» сынып оқушысы Уразымбет Қарлығаш «Абайдың қарасөздері» номинациясы бойынша 1- орынды иеленді. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың оқуларына қатысты. «Ақберен Республикалық байқауға 8ә сынып оқушысы Егамберді Нұрсұлтан «Көркемсөз» оқу сайысына қатысып, 2-дәрежелі Дипломмен марапатталса, 8ә сынып оқушысы Кәрімбек Нұрилла Республикалық «Дарын» балалар байқауынан 2- орынды иеленіп,дипломмен марапатталды.
Хавсилам Айгүл-2023-2024 оқу жылындағы өзекті мәселесі:Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру,оқушының сөздік қорын байыту, қарым-катынастық қызметін меңгерту. Өз ойларын еркін жеткізу. Іс тәжірибе тарату мақсатында өткізген ашық сабағын Республикалық «Ұстаз тілегі» сайтына жіберді.Сондай-ақ, аудандық пән олимпиадасына 9-сынып оқушысы Досмұрат Ақбота қатысып,жүлделі ІІ орынмен марапатталды.6«А»сынып оқушысы Сағынбай Сабрина жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.Зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде»Республикалық конкурсының облыстық (сырттай)кезеңінде ІІІ орын алғаны үшін Досмұрат Ақбота марапатталды.
«Зерттеуші» тақырыбындағы облыстық ғылыми жобалар байқауына қатысып,ғылыми ізденістерндегі жоғары жетістігі үшін Құлжабек Ақбота ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында аудиовизуалды деректерді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде қолдану әдістемесі» тақырыбындағы облыстық семинарда белсенділік танытып,қатысқаным үшін сертификатқа ие болды.
Арипбаева М.Д- 2023-2024 оқу жылындағы өзекті мәселем : оқушылардың бойына эстетикалық тәрбие қалыптастыру, іс-шараларға қатыстыра отырып, ортамен қарым-қатынастық қызметін меңгерту. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қыркүйек айында жоспар құрылды. Сол жоспарға сәйкес оқушылармен әр түрлі іс-шаралар, жарыстар, тәрбие сағаттарын өткіздім.
Аудандық «Әбіш оқулары» байқауына Нажимадин Әсел, Тохтарбай Аружан қатысты. Аудандық «Қонаев оқулары» байқауына ақындар айтысы жанрында өнер көрсетіп, шебер орындаушы номинациясымен 8 А сынып оқушысы Пердебай Қажмұқан марапатталды. Республикалық «Жарқын болашақ» конкурсында Пердебай Қажмұхан алғыс хатпен, эссе жанры брйынша Нажимадин Әсел 3-орын иеленді. Аудандық «Абай оқуларынан» Нажимадин Әсел 1-орын иеленіп, облысқа жолдама алды. Облыстық «Абай -Шәкәрім оқуларынан» Нажимадин Әсел 2- орынмен марапатталды. . «Білім» педогогикалық шығармашылық орталығы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен өткен аудандық, облыстық, республикалық «Абай» пән олимпиадасына қазақ тілінен 7 оқушы қатысып жүлделі орындарды иеленді. Арипбаева Майрамкул «Дарын» орталығында өткен «Педстарт» олимпиадасында жүлделі 2 орын иеленсе, аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды.
Арипбаев Б.Д-2023-2024 оқу жылындағы өзекті мәселем: оқушының сөздік қорын байыту, диалогтік әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қарым-қатынастық қызметін меңгерту. Менің сабақ беретін сыныптарым – «2,3,9» сыныптар. Оқыту барысында модульдік технологияны қолдана отырып, сабақта сұрақ-жауап, бекіту, топтастыру, талдау сияқты әдіс-тәсілдерді қолданамын.
Дарынды оқушылармен қыркүйек айында жоспар құрылды. Сол жоспарға сәйкес оқушылармен қосымша сабақтар өткізді. Қазақ тілінің онкүндігіне орай ұйымдастырылған іс шараларға қатысты. Аудандық Абай оқулар байқауында 8 «А» сынып оқушылары Пердебай Қажымұқан 3 орын, Сағынбай Салтанат жүлделі 1 орынды иеленіп, облысқа жолдама алды.
Кускулакова А.П -2023-2024 оқу жылындағы өзекті мәселесі:Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру; 2023-2024 оқу жылында «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен мектепішілік пән олимпиадасында орыс сыныптарындағы қазақ тілінен 6 г сынып оқушысы Кибар Хасна 1 орын иеленіп аудандық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткізілген пін олимпиадасында 3 орынмен марапаттады. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен 21-22 қыркүйек өткен өзге ұлт оқушылаары арасында қазақ тілінен «Тіл-тәуелсіздік тұғыры» пән олимпиадасында Исмайлов И-ІІ орын, Амзаева Х-ІІІ орынды иеленді. «Ақбота» интеллектуалды байқауда 8 «В» сынып оқушысы Высочкина Диана жүлделі 2 орынм иеленді. Республика күніне орай «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен «Тіл тағылым» атты облыстық интернет олимпиадасына Кускулакова Акмарал Парахатқызы қатысып, сертификатталды. . «Білім» педогогикалық шығармашылық орталығы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен өткен аудандық, облыстық, «Абай» пән олимпиадасына қазақ тілінен 6 ә сынып оқушысы Юлдаш Балнұр қатысып, жүлделі1 орынды иеленді
Есиркегенова Ж.Н-2022-2023 оқу жылындағы өзекті мәселем:Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру,оқушының сөздік қорын байыту, қарым-катынастық қызметін меңгерту, өз ойларын еркін жеткізу. Іс- тәжірибие тарату бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен өткен «Рухани жаңғыру аясында мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің ғылыми ізденістерін ұлттық құндылықтар арқылы негіздеу» атты облыстық семинарда ғылыми жобасын қорғап, қатысқаны үшін сертификатқа ие болды. Республика күніне орай «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен «Тіл тағылым» атты облыстық интернет олимпиадасына Есиркегенова Жанар Науризбаевна қатысып, сертификатталды. . «Білім» педогогикалық шығармашылық орталығы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен өткен аудандық, облыстық «Абай» пән олимпиадасына қазақ тілінен 5 оқушы қатысып жүлделі орындарды иеленді
Нурмаханбетова М.К-«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында аудиовизуалды деректерді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде қолдану әдістемесі» тақырыбындағы облыстық семинарда белсенділік танытып,қатысқаны үшін сертификатқа ие болды. Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп М.Мақатаевтың 92 жылдық мерейтойына арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты мектепшілік жас мамандар арасындағы мәнерлеп оқу сайысынан Бас жүлде иеленді.
Ашибаева Гулбану Абдикадировна- Өзекті тақырыбы- қазақ тілі сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау отырып, тілдік дағдыларын дамыту. Өз сабақтарында оқушылардың интеллектісін дамыту бағытында жұмыс жасайды. Дарынды оқушысы , 5 Ә сынып оқушысы Нағашыбай П аудандық пән олимпиадасында жүлделі 2 орынмен марапатталды.
Ескелдиева Д.А- жас маман. Аудандық жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен Қадір Мырза Әлі оқулары бойынша “Сөздің бәрі құдретті” бағыты бойынша 6 «Г», сынып оқушысы Камзаева Гульсанам қатысып, алғыс хатпен марапатталды.Оқу жылының 4-тоқсаны басында «Тіл тұғыры-ұлт ғұмыры» атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігі болып өтті. Онкүндік аясында 6 «Г»сыныбында «Шынықсаң, шымыр боласың» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта психологиядық ахуал туғызып, оқушылардың ынтасын сабаққа аударды. Жаңа тақырыпты проблемалық оқыту арқылы ашып, мәтіндермен тиімді жұмыс жүргізе білді. «Дарын» орталығында өткен «Педстарт» олимпиадасында жүлделі 2 орын иеленді.
Молдабаева Ильмира Алпамисқызы-жас маман. Өзекті тақырыбы- Оқушылардың ақындық қабілетін дамыта отырып, шығармашылыққа баулу. Ильмира мектепішілік іс шараларға белсенді қатыса отырып, оқушыларды түрлі байқауларға қатыстырды. Атап айтсақ,Аудандық «Дара тұлға Қонаев» байқауында дарынды оқушысы Егамбердиев Нұрсұлтан жас ақында бағыты бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді.
Әзімбаева Баянсулу Қайратовна
Мұғалім – озық ой мен шынайы практикалық қызмет иесі десек, мақсат – түпкі нәтижеге қол жеткізу болатын, ал түпкі нәтиже – ол білім сапасы, оқушылардың жетістігі деп ойлаймын. Оқыту процесінің өзекті мәселелері шеңберіндегі шығармашылық сипаттағы таңдалған тақырыптар әр мұғалімнің көздеген мақсатына қол жеткізу үшін тиімді ізденіс жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып жүргізе білуге мол мүмкіндік туғызады. Мұғалімнің беделі өсіп, білім сапасы жақсарады. Елдің, жердің қамын ойлар жас буын тәрбиеленеді. Олардың білімге, ғылымға деген құлшынысы артады.
Мектепішілік олимпиадаға 4 сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін шыңдай түсті. «Алтын сақа» олимпиадасына 3-4 сынып оқушыларының ішінен дарынды оқушыларымыз қатысып, аудандық олимпиадаға мектептен 4А сынып оқушысы Тұрсынбек Тәңірберген және Дәулет Мейіржан,4 ә сынып оқушысы Кирикбай Айқын,3 ә сынып оқушылары Бахтияр Алинур, Нұғман Кәусар жәнеБахтиер Нұртас жолдама алды. Аудандық «Алтын сақа» олимпиадасынан Тәңірберген 1 орын, Нұғман Кәусар 2 орын, Бахтияр Алинур 3орынмен оралды. Мектепішілік сайыстарға бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері белсене қатысып жүрді. Атап айтсақ, 3-4 сыныптар және мұғалімдер (Бупетаева Айганым, Курманбаева Раиса, Санатбаева Лиза, Жумалиева Айкерім, Төлен Балнұр, Жикпелова Булбул)
Қаңтар айында Д.Қонаевтың туғанына 111 жыл толуына «Ұрпағы ұлықтаған ұлы тұлға» атты сынып сағаттарын бастауыш сынып мұғалімдері өткізді.
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мектеп кітапханашы Баян Сакаеваның ұйымдастыруымен өткен мәнерлеп оқу сайысына бастауыш 2-4 сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.
Бастауыш сынып онкүндік аясында «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу» мақсатында ашық сабақтарда және сыныптан сабақтарда ұлттық ойындарды, ұлттық салт дәстүріміз көрсете, қолдана білді.
«Ақбота» интеллектуалдық лоимпиада
- Нұғман Кәусар ІІІ-орын
- Пірназар Гүлсім І-орын
- Есенбаева Хадиша І-орын
Республикалық «Абай оқулары» Жұмабай Ақерке бас жүлде.
«Үздік бастауыш сынып оқушысы», «Жас математик» олимпиадаы және «Қыстың ғажап бейнесі» байқауына Шоманай Райана қатысты.
ІІ-дәреже
- Пірназар Г І-дәрежелі диплом
- Дощанова Ұ ІІІ-дәрежелі диплом
- Нұрбол ІІІ-дәрежелі диплом
- Шоманай Р ІІІ-дәрежелі диплом
«Ақбота» зияткерлік олимпиадасы
- Эрдулла Ақнұр ІІІ-дәрежелі диплом
- Балтабай Жания ІІ-дәрежелі диплом
«Мұқағали оқулары» атты мәнерлеп оқу конкурсы «Зейінді бала»
- Пірназар Г Бас жүлде
- Шоманай Райана І-дәрежелі диплом
- Нұғман Кәусар Бас жүлде
- Атабай Жасмин Бас жүлде
- Есенбаева Хадиша І-дәрежелі диплом
- Эрдулла Ақнұр І-дәрежелі диплом
- Жұмабай Ақерке ІІ-дәрежелі диплом
- Бахтияр Алинұр ІІ-дәрежелі диплом
- Болат Әлтаир І-дәрежелі диплом
«Ғасырлар перзенті» байқауы, «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты көркем сөз оқу байқауына Пердебай Асылхан қатысты.
Математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңінде
- Нұғман Кәусар
- Бахтияр Алинұр
«Кенгуру» интеллектуалдық олимпиадасында
- Махмуд Аяжан ІІ-дәрежелі диплом
- Нұғман Кәусар І-дәрежелі диплом
- Елубай Әмірхан ІІІ-дәрежелі диплом
- Бахтияр Алинұр ІІІ-дәрежелі диплом
- Бахтиер Нұртас І-дәрежелі диплом
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында мектепішілік математика пәнінен олимпиада өтті. Дәулет Мейіржан, Тұрсынбек Тәңірберген, Мәмбет Әміржан, Эрдулла Самал қатысты. Соның ішінен Дәулеет Мейіржан және Тұрсынбек Тәңірберген аудандық кезеңге өтті. Аудандық кезеңнен жүлделі 1 орынмен Тұрсынбек Тәңірберген марапатталды.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы 514 бұйрығына сүйене отырып “Akberen Education”-Ақберген республикалық танымдық-шығармашылық журналы ұйымдастырған қыркүйек-қазан айларындағы Республикалық “Абай оқулары” конкурсына қатысты.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі “Дарын” Республикалық Ғылыми-практикалық “Кенгуру” ойын конкурсына қатысып, жүлделі орынға иеленді. 1 орын иеленген Жанарбек Іңкәр, Сейтбаев Елнұр.Аудандық алтын сақа математикалық сайысына қатысып 1 орын иеленген Тұрсынбек Тәңірберген.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі “Дарын” Республикалық Ғылыми-практикалық “Ақбота” ойын конкурсына қатысып, жүлделі орынға иеленді. Олар:Ердулла Самал,Мамбет Әміржан,Кенгес Сабина, Нагмадилла Алихан.
онлайн районная олимпиада ‘’Абай’’ в которой следующие ученики заняли призовые места: Абдурахманова Ясмина — 1 место, Сулиева Рукия 6В — 1 место, учитель предметник: Попова С.Г. . Камзаева Арзу 5Г-1 место, Кулаева Мадина 3 и 7В Лазгиева Азиза 2 места, учитель предметник: Ертаева Ж.Ж.. Момынжан Тоғжан 9А – 1 место, Нугманов Бақыт 9Ә — 2 место, Кәрімбек Нұрилла 9 Ә -2 место, Лазгиева Малика 9Б серитификат, учитель предметник: Фахратова А.А.. Балтабай Мадина 6А — 1 место, Жанабергенова Айдана 10А — 1 место, Ерболкызы Асем 10А — 3 место, Тиребай Ғазиза 10А — 3 место, учитель предметник: Дусимова З. А.. Төлен Алинұр 3А — 1 место, Тұрсынбай Нұрайша 6Б — 1 место, учитель предметник: Ноканова Р. С.. Беттал Айша 9Б — 2 место, Высочкина Диана 8В — 3 место, учитель предметник: Рамазанова Н. Р..
Также, ученица 10 Б класса Бакаева Анастасия, заняла 1 место на международной онлайн олимпиаде по английскому языка, учитель предметник: Попова С.Г., и Серик Нурай, ученица 11А класса, заняла 1 место на Интернациональной олимпиаде по английскому языку, которая прошла в Турции, в городе Анталья в октябре 2023 года, учитель Серикбаев Елдос.
В декабре прошла олимпиада «British Buldog» в которой, ученица 6 в класса Сулиева Рукия заняла 1 место.
В 26-27 январа, прошла областная олимпиада «Абай» II тур, в которой заняли призовые места, след. учащиеся: Камзаева Арзу 5 «Г» - 1 место, кулаева Мадина 5 «Г» - 2 место, Лазгиева Азиза 7 «В» -1 место, учитель Ертаева Ж.Ж.. Беттал Айша 9б — 2 место, Высочкина Диана 8в- 1место, учитель Рамазанова Н.Р., Сулиева Рукия 6в — 1 место, Абдурахманова Ясмина 8г — 1 место, учитель Попова С.Г.. Жанабергенова Айдана 3-место, Балтабай Мадина 1- место, учитель Дусимова З.А..
28 февраля, прошла олимпиада «Акбота» в которой заняли призовые места, след. учащиеся: Лазгиева Малика 9 «Б» -1 место, Лазгиева Анора 9 «Б» -1 место, Баширова Мадина 9 «В» - 1 место, учитель Фахратова А.Ю.. Амзаева Хавва 6 «В» - 2 место, Мязина Александра 5 «Г» - 3 место, Чуембаев Алан 5 «Г» сертификат за участие учитель Ертаева Ж.Ж.. Эрдулла Самал 4а -2 место, Лазгиева Сафина 9б — 1 место, Высочкина Диана 8в-3 место, Тсмагул Акерке 4б-2 место, Кудайберген Жарас — 3 место, учитель Рамазанова Н.. Камзаев Абдулла, Горин Никита, Горбунова Ангелина 5Д класс -2 места, Мавлюдова Сияра 6В класс -2 место, Абдурахманова Ясмина, Туртурова Гульдана, Сулиев Амир, Исмаилов Ибрагим 8 Г класс- 1 места, учитель Попова С.Г.. Балтабай Жания 3 ә – 2 место, Аманбаева Айлин 5а -1 место, Айдарқызы Амина 7 ә – 3 место, учитель Дусимова З.А..
24 апреля, прошла республиканская олимпиада «Абай» III тур, в которой заняли призовые места, след. учащиеся: Камзаева Арзу 5 «Г» - 1 место, Кулаева Мадина 5 «Г» - 2 место, Лазгиева Азиза 7 «В» -2 место, учитель Ертаева Ж.Ж.. Сулиева Рукия 6В- 1 место, учитель Попова С.Г.. Сагинбай Сабрина 7 А — 2 место, Оразымбет Жансая 7А- 2 место, Болат Інкәр 7 А — 2место, учитель Серикбаев Е.Т..
10-14 апреля, прошел Международный конкурс «Кенгуру лингвист» которой заняли призовые места, след. учащиеся: Мамлаева Зейнап 6 «В» -1 место, Сулиева Маномша 6 «В» - 2 место, Кибар Хасна 6 «В»- 1 место, учитель Ертаева Ж.Ж.. Азизова Асия 5Г класс -1 место, Бакаева Анастасия 10 Б класс -1 место, Байрамова Амелья 6 В-1 место, учитель Попова С.Г..
В май прошла республиканская олимпиада “Zerde education”, в которой след. Ученики заняли места: Лазгиева Сумейя 5в — 2 место, Сулиева Адалят 5в — 1 место, учитель Фахратова А.Ю., Кенгес Сабина 4а-1 место, Халид Аслан 5ә — 1 место, Айвазова Севда 7в -1 место, Айвазова Ирада 7в — 1 место, Хамидова Аяулым 5 ә- 3 место, учитель Рамазанова Н.Р.. Балтабай Мадина — 1 место, Дусимова З.А..
Нарманова Лаззат Мұратбайқызы және Талдыбаева Молдир Маратқызы,Абдуманап Гауһар Бақтыбайқызы,Тойганбекова Айгуль Ильясовна Алғыс хаттар мен сертификаттармен марапатталды. Азизов Азиз Түрген ауылдық округінің әкімінен Алғыс хатпен марапатталды. Колжасаров Нуржан жас мамандар арасындағы олимпиадаға қатысып, жүлделі 3 орынмен марапатталды. Басқада бірлестік мүшелері түрлі сайыстарға қатысып, өз білімдерін шыңдауда.
2023-2024 оқу жылындағы біртұтас тәрбие жұмысының талдауы
2023-2024 оқу жылы бойынша Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша жылдық жоспар құрылып іс шаралар өткізілді.
Жалпыазаматтық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу. Біртұтас тәрбие бағдарламасы ұлттық адами құндылықтарға негізделген.
Тәрбие мақсаты:жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері:
- ата-ананың өсиетін тыңдауға, перзенттік парызын түсінуге, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге тәрбиелеу;
- ұлттық мұраны қастерлеуге; қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу;
- жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
- денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ой тазалығына және эмоционалды тұрақтылыққа баулу;
- табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.
Бүгінгі өскелең ұрпақ тәрбиесі еліміздің болашақтағы жарқын келбетін айшықтайды. Құндылық адамның өмірлік ұстанымына, таңдауына, шешім қабылдауына ұстын болатын көзқарастар жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді, оның іс-әрекетін, мінез-құлқын анықтайды.
Әдептілік, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, отаншылдық, қамқорлық, жауапкершілік, еңбекқорлық, бірлік, ризашылық, бауырмашылдық, ұлттық мұра мен қазақ тілін қастерлеу, қоғам игілігіне қызмет ету, салауатты өмір салтын ұстану секілді қасиеттерді қалыптастыруға тұғыр болатын ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын дарыту қажет.
Ұлттық мүдде құндылығы Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға атсалысуға, оңтайлы имиджін қалыптастыруға, еліміздің мүддесіне, қоғам игілігіне адал қызмет етуге, ұлттық мұраға ұқыптылықпен қарауға және оны дәріптеуге, қазақ тілінің аясын кеңейтуге үлес қосатын, құқықтық, экологиялық мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеуге тұғыр болады.
Ұлттық мүдде құндылығын дарыту арқылы отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл, мемлекеттік рәміздерді қадірлейтін, елінің тарихын құрметтейтін, ұлттық мұраны, мәдениетті дәріптейтін, құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары тұлға тәрбиелеуді көздейді.
Ар-ұят құндылығы этикалық принциптерді қалыптастыруға, өзін және өзгелерді құрметтеуге, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, мінез-құлықты нығайтуға және жауапты азамат болуға ынталандырады және мейірімділікке, еңбекқорлыққа баулуды көздейді. Өйткені білім де, ғылым да ерен еңбекпен келеді. Еңбек адам өмірінде маңызды. Адамның рухани дамуына, кәсіби әлеуетінің жетілуіне, қоғамдық сананы жаңғыртуға, ел экономикасын көркейтуге тұғыр болады. Ар-ұят құндылығы академиялық адалдық қағидатын қолдау, адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, отбасының, өз ортасының абыройын асыру, әдеп нормаларын ұстану, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну, достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну, мейірімділік таныту арқылы қалыптасады.
Ар-ұят құндылығы арқылы адалдықты жоғары бағалайтын, сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытатын, ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайтын, достарын, сыныптастарын сыйлайтын, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсететін тұлға тәрбиелеуді көздейді.
Талап құндылығы өскелең ұрпақ бойында мәдениеттілік, табандылық, үнемшілдік, қанағат, ерік-жігер, таза ой мен адал ниетке тұғыр болады. Сол себепті талап құндылығы білім алушылардың сыни және креативті ойлау, жеке және командамен жұмыс істей білу, білуге, жаңаны тануға құштар болу, физикалық белсенді болу, салауатты өмір салтын ұстану, технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету, дұрыс қарым-қатынас орната білу, уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау дағдыларын дамытуға бағытталады. Талап құндылығы құндылығы арқылы жан мен тән тазалығын сақтайтын, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінетін, қоршаған орта тазалығын сақтайтын, ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылығы жоғары, ізденімпаз, жасампаз тұлға тәрбиелеуді көздейді.
Жоспар бойынша төмендегі шаралар өткізілді:
01.09.2023 жылы «Мейірім мекеніне айналған мектебім» атты алғашқы қоңырау, білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және Отаншылдық», «Менің сүйікті мектебім», «Менің алғашқы ұстазым» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
05.09.2023 жылы А.Байтұрсын күніне орай 1-4 сыныптар арасында сынып сағаттары, 5-8 сыныптарда диктант жазылып, 9-11 сыныптарда сыныптан тыс әртүрлі іс-шаралар өткізілді.
08.09.2023 жылы 9 айға 9 іс-шара жобасы аясында «Дене сергіту» челленджі өткізілді және мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің қатысуымен жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
- жаңа оқу жылының басталуы;
- мектеп формасы;
- жұмыс тәртібі, мектеп Жарғысы;
- құқықбұзушылық, басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
Жиналыс барысында ата-аналар өздерінің көкейінде жүрген барлық сұрақтарға жауап алды.
12.09.2023 жылы «Ұлы даланың – ұлтаралық тілі» тақырыбында
4 сынып оқушылары арасында Тілдер күніне арналған өлдеңдер сайысы және 9 сыныптар арасында Лингвистикалық турнир, «Сөз зерде» тақырыбында әртүрлі сыныптар арасында инттелектуалдық ойын түрлері өткізілді.
11.09-14.09. күндер аралығында отбасы және денсаулық күніне арналған іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Аталған жоспар негізінде мектебімізде 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттар, «Отбасы бақыты – ел бақыты» атты суреттер байқауы, көңілді эстафеталар, шахмат, тоғызқұмалақ сайыстары, шығармалар сайысы және кітап көрмесі ұйымдастырылды.
29.09.2023 жылы мектебімізде білім беру ұйымдарында нашақорлықтың алдын алу, есірткіге қарсы күрес тақырыбында, полиция қызметкерлерінің, денсаулық сақтау өкілдерінің қатысуымен ата-аналар және оқушылар қауымдастығымен кездесу өткізілді.
Кездесуде, Алматы облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі майор Сәдуақасов Нұрым Бегайұлы; ЖИТС орталығы профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Нағима Таштанқызы; Киров ПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы Уркинбаева Ж.Д. оқушылар мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қарттар күніне арналған жоспар құрылып 25.09.- 03.10 күндері аралығында «Қазыналы қарттар» атты сынып сағаттары, «Мейірім почтасы» видеоқұттықтаулар, «Менің атам және әжем» тақырыбында шығармалар байқаулары өткізілді.
02.10.2023 жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бір отбасы – бір кітап» акциясы өткізілді.
Ұстаздар күніне орай жоспар жасалынды, осы жоспар негізінде 02.10-06.10 күндері арасында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Қайырымдылық -халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. 11 қазан күні мектеп мұғалімдері және оқушылар мен ата-аналардың ұйымдастыруымен “Алтын күз!” атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде мектеп оқушылары мен ата-аналар мектептің қайырымдылық ісіне үлкен үлес қосып, жақсы көңіл күй сыйлай білді. Өз қолдарынан дайындаған тағамдарды санитарлық талаптарды сақтай отырып сатты. Жәрмеңкеден түскен қаражат қайырымдылық көмек ретінде жұмсалды.
Республика күнін мерекелеуге арналған жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар бойынша «Менің елім!», «Қазақстаным – мақтанышым!» атты сынып сағаттары, «Қырын елім – Қазақстаным!» бейнеқұттықтаулары, «Менің сүйікті Отаным!» суреттер байқауы өткізілді, «Жас қыран» біртұтас балалар ұйымына бастауыш сынып оқушылары қабылданды. «Қырын елім – Қазақстаным!» атты облыстық ән байқауында 9А сынып оқушысы Бекболат Аружан бас жүлдені жеңіп алды. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, дәріптеу мақсатында мектебімізде оқушылар мен мектеп үжымы арасында ҚР Мемлекеттік гимні челленджі ұйымдастырылып өткізілді. Республика күніне арналған жалпы білім беру ұйымдарында 9-11 сынып оқушылары арасындағы қалалық пікірсайыс турниріне мектебіміздің «Ақиқат» дебат тобы қатысты. Топ спикерлері: Абдужаббар Амина, Дурмаханова Сымбат қарастырылған 7 тақырыптың мәселелері бойынша өз көзқарастарын ортаға салды. Турнир нәтижесінде «Ақиқат» тобы 1 орынды иеленді.
13.11-13.12.2023 ж. аралығында «Алаш айлығы» жоспары құрылды және бекітілді. Жоспар негізінде «Оян ар мен адалдық», «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» тақырыптарында сынып сағаттары, көрмелер, видеоқойылымдар, дөңгелек үстелдер, викториналар, ашық сынып сағаттары, пікірсайыстар, танымдық сағаттар, квест ойындар, челлендждер, ұлттық ойын түрлері өткізілді.
07.12-15.12.2023 жыл аралығында ҚР тәуелсіздік күніне арналған жоспары негізінде поэзия кеші, патриоттық әндер фестивалі, патриоттық сынып сағаттар, интеллектуалдық ойындар, ҚР ұлттарының өз тіліндегі құттықтаулары, ұлттық ойындар жарысы, «Болашаққа хат» атты республикалық челленджі, «Жас ұлан» жастар ұйымына 5 сынып оқушыларын қабылдау рәсімі, «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» атты салтанатты концерттік бағдарлама өткізілді.
«Қош келдің Жаңа жыл!» атты 1-11 сыныптар арасында жаңа жылдық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспары аясында мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуі мақсатында «Адамдық атадан қалған мұра» тақырыбында отбасы құндылықтарын насихаттау сабақтары өткізілді. Сабақтың мақсаты: ар-ұят құндылығын дәріптеу, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.
2023 жылдың 15 қарашасында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібі мәлелелер бойынша:
- Мектеп психологтары «Отбасы құндылықтары», “Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” тақырыбында тренинг өткізді.
- Мектептің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қауіпсіздік және жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықпен таныстырды.
- «Темекі шегу – адам денсаулығына төнетін ең маңызды қауіптердің бірі» тақырыбында мектеп дәрігері Бектурганова Назерке Бакытовна баяндама оқыды. Жиналыс барысында ата-аналар өздерін толғандырған барлық сұрақтарға жауап алды.
2023 жылдың 2 қарашасында 7-8 сынып ата-аналарына тренинг өткізілді. Тренинг тақырыбы: «Балалар мен жасөспірімдердегі ойынға тәуелділік және бала мен ата-ана қарым-қатынасы». Тренингтің мақсаты: балалардағы компьютерлік тәуелділіктің алдын алу және онымен күресу; ата-ана мен бала арасындағы достық қарым-қатынасты құру. Ата-аналар тақырыпты қызығушылықпен талқылады, сонымен қатар жеке және топтық тапсырмаларды орындады.
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» және даналар клубының мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуі мақсатында «Әкелер мектебінің» тағы бір сабағы өтті. 6 «а» сынып оқушысы Балтабай Мадинаның әкесі Аймурзаев Жамбыл тәрбие және қоғамдық жұмыс бойынша оқушыларға таныстыру сабақ өткізді.
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» және даналар клубының мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуі мақсатында «Аналар мектебінің» кезекті сабағы өтті. 5 «ә» сыныбының ата-анасы Ескелдиева Дамира қыз балаларға тәтті тоқаштарды әрлендіру, безендіру тәсілдерін көрсетті.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» және даналар клубының мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуі мақсатында «Әжелер мектебінің» сабағы өтті. 5 «Г» сыныбының ата-анасы Биетова Салтанат апай қыз балалар мен мектеп ұжымына тоқу қол өнері бойынша сабақ өткізді.
7 желтоқсан - Ақсақалдар және бата беру күні қарсаңында мектеп оқушыларының ата-әжелері, «Өсиет» аталар мектебінің жетекшісі Ж. Сейдуллаевтың қолдауымен, бата берді.
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» және «Даналар клубының» мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуі мақсатында «Мейірім» аналар мектебінің кезекті шеберлік сағаты өтті. 6 «В» сыныбының оқушысы анасы Бейлер Анастасия Игоревна оқушыларымен бірге Жаңа жылдық майшамдар және гүл шоқтарын жасады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өткізілген іс шаралар:
Мектебіміздің мамандары ПБ-нің қызметкерлерімен бірлесіп құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты қоғамдық рейдттер уақытылы жүргізіледі.
Мақсаты: Түнгі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді заңды өкілдерінсіз көшелерде жүрмеуін, сауда – саттық дүкендерде алкогольдік пен темекі өнімдерін 21-жасқа толмаған азаматтарға саттырмауды қадағалау.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 5-11 сынып оқушылары арасында ҚР БҒМ 25.05.2021 жылғы № 235 «Білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында пайдалану мен енгізуге тыйым салынған заттардың және сол заттардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен танысты.
Өскелең ұрпақтың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру барысында Республика күніне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы “Бұл палата Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жолдарын ұсынады” тақырыбында пікірталас турнирі болып өтті. Турнирге “Ақиқат”,”Әділет” командалары қатысты. Өз ойларын ортаға салған топ спикерлері сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтап, мәселенің шешу жолдарын көрсете білді.
Мектеп психологы оқушылар арасында белең алып келе жатқан буллинг тақырыбында сөз етіп, оқушыларды жақсы қарым-қатынаста болуға шақырды. Мектеп медбикесі нашақорлықтың алдын алу мақсатында оқушыларға зиянды әдеттер туралы түсінік жұмысын жүргізді. Мектеп психологы, әлеуметтік педагог оқушылармен құқықбұзушылықтың алдын алу, ұрлыққа жол бермеу мақсатында жұмыстар жүргізіліп, пікір алмасу өтті. Бастауыш сынып оқушыларымен «Абайлаңыз балалар!» тақырыбында жолда жүру ережелерін есте сақтауға, жол ережесін бұзбауға тәрбиелеу мақсатында тәрбие сағаттары өткізілді.
2023-2024 оқу жылында жасөспірімдердің мінез-құлқында кездесетін келеңсіз жағдайлардың алдын алу, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу, өз-өзіне сенімділіктерін арттыру мақсатында жылдық жоспар құрылып жұмыстар өткізілді.
«Сенім жәшігі» мен «Сенім телефоны» төменгі қабатта орналасқан. Апта сайын акт жасалып, журнал толтырып отырылады. Келіп түскен өтініш хаттар болған жоқ.
"Жас ұлан және өзін өзі басқару" ұйымының белсенді мүшелері арасында "Нашақорлыққа жол жоқ" атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел сұхбат, әңгімелесу, пікірталас арқылы өтті.Оқушылар темекі, арақ, есірткі ұғымы туралы жалпы ойларын ортаға салды. Темекінің зияны туралы бейнебаян көрсетілді. Бейнебаян бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, ЖҚТБ – ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін,оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан – жақты меңгерту,зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана – сезімдерін дамыта түсу.
Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар аясында «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында эссе байқауы, «Күндей күлген анамның баласы болып қаламын» атты суреттер байқауы, 5-9-сынып оқушыларымен өмірге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру мақсатында «Мен сені сүйемін өмір» атты тренинг өткізілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісті.
"Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты апталықтың жоспарына сай «Жақсылық жасап жарысайық» тақырыбында 8 сыныптар арасында дөңгелек үстел, «Толеранттылықтың 9 қадамы» челленджі ұйымдастырылды.
Мектептің ерекше білім беруді қажет ететін оқушылары мен мұғалімдері «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыруда қонақтардың назарларына өлең оқып, ән айтып, би билеп, қазақ халық ертегілерін сахналап, ұлттық ойындармен және халықтық қолданбалы өнер көрмесі ұсынылып, үлкен концерттік бағдарлама көрсетілді.
Жеке оқушылармен оның ішінде талантты және дарынды балаларға күрделі тапсырмалар берілді. Ата- аналармен тоқсан соңында оқушылардың оқу үлгерімі, кездескен қиындықтар және оны шешу жолдарын қарастыру мақсатында жиналыстар өткізілді. Кейбір ата-аналармен оқушылардың білімі мен тәрбиесі төңірегінде жеке және топтық кездесулер өтті.
Нәтиже: Оқушылардың бойынан жүргізілген әрбір тәрбие сағаттары мен іс –шаралар арқылы Отанға, мектепке, отбасына деген сүйіспеншіліктері оянды. Адамгершілік, имандылық, үлкенді сыйлау, кішіге көмек қолын созу, көпшілік ортада, жолда өзін қалай ұстау керек екенін үйренді. Оны оқушылардың сабаққа қызығушылықпен қатысуынан байқауға болады.
«Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша мектеп психологтарының жүргізген жұмыстарының
талдауы.
Біздің мектептегі психологиялық қызмет жүйесі барысында алға қойған негізгі мақсатымыз - білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. Осы мақсатты негізге ала отырып төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
2) білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дауында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету.
3) білім алушылардың психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға және тәсілді қамтамасыз ету;
4) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
5)психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жасау;
6) білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау.
7)психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таідауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету.
Оқу жылының басында жылдық жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді.
- Диагностикалау бойынша, қыркүйек-желтоқсан айларында жоспарланған әдістемелер мен сауалнамалар, тесттер алынып, нәтижиесі анықтамаға жазылды.
- Түзету – дамыту жұмысы бойынша, қыркүйек-желтоқсан айларына жоспарланған психологиялық жаттығулар, ойындар, тренигтер жүргізілді.11 сынып оқушыларына «Емтиханға сеніммен барамыз» тақырыбында психологиялық сабақ оқушылардың бойындағы мазасыздықты, қобалжу, сенімсіздікті жою мақсатында тренингтер өткізілді.
- Профилактика және психологиялық ағарту бойынша, қыркүйек-желтоқсан айларында жоспарланған тренинг, психологиялық ойын, жаттығулар жүргізіліп, анықтамасы жазылды. Үйден оқытылатын оқушыларға әңгімелесу, кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
IV. Консультация беру бойынша, үнемі мектеп оқушыларымен , ата –аналармен, ұстаздармен әңгімелесу, кеңес беру жұмыстары уақытында жүргізілді. Ата-аналарға, оқушыларға, ұстаздарға кеңестер берілді. Психологиялық кеңестер берілді: Ата- аналарға арналған психологиялық кеңес, «Күйзелістен қалай арылуға болады?»(ұстаздарға), «Үйден оқытылатын оқушымен жұмыс», Ата–аналарға арналған психологиялық кеңес ( үйден оқыту), Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту; «Бала тәрбиесіндегі ата- ананың ықпалы», «Теңіз жағалауына серуен» (ұстаздарға ), «Сенімділік серік болсын» (11 сынып оқушыларына).
- Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бойынша,аралас мамандармен11мен бірігіп істелінетін жұмыстар өз уақытында атқарылды.
Қантар айында 11-сынып оқушыларымен жұмыс жүргізілді. «Спилберг әдістемесі»
Мазасыздануды тұлғаның қасиеті ретінде өлшеу өте маңызды, себебі бұл қасиет тұлғаның көп мінез-құлқын қамтиды. Мазасызданудың белгілі бір деңгейі – тұлғаның белсенді іс-әрекетінің міндетті және табиғи ерекшелігі. Әрбір адамда өзінің мазасыздану деңгейі бар, олар оптимальды немесе ниетті. Осыған орай адамның өзінің күйін бағалауы өзі үшін өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды компоненті болып табылады.
Егер психологиялық тест адамда жоғары мазасыздануды көрсетсе, ол сол адамның әр түрлі жағдай кезінде мазасыздану деңгейінің жоғарылауын көрсетеді. Көп әдістемелер мазасызданудың бір жағын ғана өлшейді. Мазасыздануды дифференциалды өлшейтін жалғыз әдістеме бар, ол Ч.Д.Спилбергер әдістемесі. 11 сыныптар бойынша:
11 «а» сыныбында мазасыздану деңгейі 6% жоғары деңгейде, ал 94% төмен деңгейде.
11 «б» сыныбында мазасыздану деңгейде 15% жоғары деңгейде, 85% төмен деңгейде.
Жалпы 11 сыныптар арасында алаңдаушылық, мазасыздану деңгейі төмен көрсетіп тұр.
11-сынып оқушыларымен психологиялық дайындық жұмыстары жүргізілді. «Тауып көр» «Ассоциация» жаттығулары жүргізілді. Оқушылармен емтиханға психологиялық дайындық жұмыстарын жүргіздік «Емтиханға сенім барайық» жаттығуы, «Өз темпераментіңіздің басым жағын аңықтаңыз. Мамандыққа байланысты бірнеше тест жинақтарын өткіздік. Мамандық туралы баланың ақыл-ойын дамыту мақсатында «Мамандық түрлерінің адам өміріне әсері» атты кеңестер беріліді. Мамандыққа бейімділігін анықтау ретінде «Л.Йовяйшие тестін» қолдандық. 11 «а,б» сыныптарында
Адамдармен жұмыс істеуге бейімділік- 15%
Зерттеу қызметтеріне бейімділік- 20%
Өндірістік жұмысқа бейімділік- 17%
Іс-әрекеттің эстетикалық түрлеріне бейімділік-14 %
Іс-әрекеттің экстремалды түрлеріне бейімділік- 18%
Іс-әрекеттің жоспарлық-экономикалық түрлеріне бейімділік-16%
Мемлекеттік емтиханға стентар жасалынып, психологиялық дайындық жадынамалары ілінді. Оқушылармен психологиялық тренингтер мен сергіту жаттығулары жүргізілді. Стресске байланысты көптеген тренингтер өткізілді, қорқыныш күйзелістің алдын алу мақсатында кеңестер берілді.
Өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау мақсатында мектеп ұжымымен жұмыстар жүргізілді. «Өзін-өзі бағалау тесті» бойынша жоғары деңгейде-70% , адекватты деңгейде-20%, төмен деңгейде-10% болып табылды. Мұғалімдер арасында көңіл-күйін көтеру мақсатында көптеген тренингтер жүргізілді. Сонымен қатар өзінің мамандығына қызығушылығын арттыруға байланысты «Мінез көңіл-күй айнасы», «Адами қарым қатынастар ізгіліктері», «Аяқталмаған сөйлемдер», «Шарлар», «Мұғалімдерге арналған ойындар» өткізілді. Мұғалімдер арасында социометрия әдістемесі жүргізілді. Осы өткізілген тренингтердің арқасында көптеген мұғалімдерде жақсы қарым-қатынас орнатылды. Олардың жұмысқа деген ынтасы арта түсті және қызығушылықтары ашылды. Сонымен қатар жас мандармен көптеген тесттер алынды, тренингтер жүргізілді. «Жас келсе іске», «Жас мамандарға арналған психологиялық тренинг», «Біздің күшіміз –бірлікте» атты тренингтер өткізілді. Психологиялық тренингтардың тиімділігіне байланысты жас мұғалімдерің өз мамандықтарына көз қаркарастары жақсы жағына өзгерді.
Қантар айында дарынды оқушылармен атқарылған жұмыс
Мақсаты: Оқушының қабілетін анықтау. Сол бағытқа байланысты тереңдетілген түрде тапсырмалар беру арқылы даму деңгейін, ой – өрісін одан әрі дамыту. Білім алудағы негізгі талаптарды жүзеге асыру.
Жүргізілген жұмыс түрі:
Оқытуда түрлі тақырыптарда әңгіме, пікірталас өткізіп, алған әсерлері туралы шығарма жаздыртамын. Күрделі тапсырмалар орындатамын. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастырамын. Мектепішілік, Қашықтықтан өткізілетін олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, қатыстырамын.
Дарын – бұл табиғаттың берген сыйы болса, оқушы бойындағы жылт еткен сәулені сөндіріп алмай, әрі қарай шыңдау – ұстаздың кәсіби біліктілігіне байланысты. «Дарынды оқушы – ұлт болашағы» десек, әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.Қыркүйек айында оқушылардың ой-өрісін зерттеу арқылы дарынды оқушыларды анықтау және жас ақындармен жұмыс жоспарланған болатын. Наурыз айында оқушылардың ой-өрісін зерттеу арқылы дарынды оқушыны анықтадық. Досмұрат Ақбота «Ақ бота» интелектуалдық марафонынан І орын, және «Қазақстан ұстаздары» республикалық қашықтық олимпиадасынан қазақ тілі пәні бойынша І дәрежелі дипломмен сондай- ақ аты аталған олимпиададан қазақ әдебиеті пәні бойыншада І дәрежелі дипломға ие болып өзінің білімін сынға салып, өзіне артқан үмітті ақтады. Мектепішілік іс-шараларға белсене қатысып, өзінің дарындылығын көрсетіп жүр. Күрделі тапсырмалар, зерттеулер беріледі. Логикалық тапсырмаларды жиі ұсынып тұрамын. Әр сабақта оқушының ой-өрісінің өсуіне жағдай жасалады. Оқуға деген белсенділігін дамытып, арттыру. Адамгершілікке, жақсы қасиетерді бойына сіңіріп өсуіне ықпал жасау.Күрделі жұмыстарға шығармашылықпен бара алады. Қиын тапсырмаларды сүйсіне орындайды, проблеманы тереңінен қарауға ұмтылысы бар. Қазақ әдебиеті пәніне жақын, шығарманы сезімталықпен жеткізе алатын шеберлігі бар. Мәселені шешуде тез жол таба алады. Барлық пәнді сүйсіне оқи алады. Көшбасшылық қабілеті жоғары. Өте сезімтал. Үнемі алда болғанды ұнатады. Бірақ өзімшіл емес. Кемшілікті тез байқай алады және оны бетке айта алады. Позитивті ойлары жоғары. Сыныпта сенімі күшті оқушы. Айналаға сыни көзқараспен қарай алатын, өзіндік баға беру қабілеті бар. Иманнан бөлек көптеген оқушылардың да ІІ жартыжылдықта басқа, жақсы қырларынан танылып қашықтық олимпиадалардан көш бастап жүргендері қаншама. Атап айтсам Морозова С Республикалық қашықтық КИО олимпиадасынан сертификат, «Қазақстан ұстаздары» олимпиадасынан қазақ тілі пәні бойынша І дәрежлі дипломмен және қазақ әдебиеті пәніненде І дәрежелі дипломға ие болды. Мектептегі дарынды оқушылармен ұйымдастырылатын шараларға белсенділік танытып қатысады.
Жалпы мектеп бойынша 58 дарынды оқушы бар. Бастауыш сыныпта- 17. 5-6 сынып оқушыларымен «Суретті аяқтау» Торренс әдістемесі, 2-4 сынып оқушылыранан «Бала қабілетінің даму деңгейі» Хаан, Г.Кафф сауалнамасы ата-аналарынан алынды, 4-5, 9-11 сыныптардан «Мюнстенберг» әдістемесі алынды. Оқушылардан алынған әдістемелер бойынша қабілеттері жақсы, тапсырмаларды жоғары деңгейде орындады, зейіндері тұрақты, шығармашылық ойлау деңгейлері қалыпты. Дарынды оқушылардың өзін-өзі бағалауы бойынша «Т. Лири тесті» оқушылардан алынды.
2023-2024 оқу жылы бойынша дарынды оқушылармен жасаған жыл бойындағы жоспарымыз өз деңгейіне жетті , себебі олар өздеріне жүктелген жүктемені сезініп, жақсы атқара білді, өз жауапкершіліктерін түсінді, және өз шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсті.
Ақпан айында 9-сынып оқушыларымен кәсіби бейімділігін анықтауға арналған жұмыстар жүргізілді. «Сенің кәсіби ой-ниетің», «Мамандық туралы хабардылығың» Табандылықты зерттеу», «Джон Голландтың тұлғаның типтерін анықтау тесті», «Мен қаладым саралаушы-диагностикалық сұрақнамасы», «Қызығушылықтар картасы» А.Е.Голамшток әдістемесі бойынша, «Кәсіби ынталадыру». Сонымен қатар оқушылармен көптеген тренингтер өткізілді, «Стресске төтеп бере аласынба» «Мамандық туралы ой» т.б тренингтер өткізілді. Сонымен қатар «Мазасыздық зерттеу тесті», «Стресске төтеп бере аласың ба?» атты тренингтер өткізілді. Оқушылардың қай мамандыққа бейім екендігін анықтадық, қай типке бейім екендігін көрсетті. Кез-келген жұмысты біркелі табысты істеуге қабілетті болып, өзіне ұнамды мамандықтарды таңдап шығады. Дұрыс таңдалман мамандықтың жағымсыз тұстары тек адамның өзіне емес, бүкіл қоғамға кері әсерін тигізеді.
Жыл бойына оқушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлық танытқан оқушылармен түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді. 5-6 сыныптар арасында өмірге қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Өрмекші торы» жаттығуы жүргізілді.5-8 сыныптар арасында «Қағып таста», «Лимон», «Айна» жаттығулары өткізілді. 7-9 сыныптар арасында «Өзің таңдаған өмір» тренингі, 8-11 сыныптар аралығында «Өмір және оның мәні» дәріс жүргізілді. Сынып жетекшілер отырысы «Өскелең ұрпақ арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу» семинары өтті. Денсаулыққа зиянды әдеттерге бой алдырған оқушыларды есепке алып, олармен бақылау жұмыстары өткізілді. «Тәртіптілік мінез-құлықтың адамгершілік қасиеті» пікір – талас өткізілді. Ата-аналармен «Дағдарыстан депрессияға дейін» дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар «Бала бос уақытында немен айналысады», «Балаңызбен пікірлесесіз бе?» сауалнамалары алынды.
«1-сынып оқушыларының бейімделуіне көмек көрсету мақсатында «Дос достыққа» , «Ыстық орындық», «Үйсіз қоян» жаттығулары жүргізіліді. «Біз 5-сыныпқа барамыз», «Ыстық орындық», «Айна», жаттығулары және тузету-дамыту сабағы жүргізілді. Сынып жетекшілерімен мектеп психологтары, ата-аналар, оқушылармен бірігіп, жұмыстар жүргізіліп отырды, сонымен қатар диагностика барысында төмен деңгейдегі балалармен жұмыстар атқарылды.
4-сынып оқушыларымен «Баспалдақ әдістемесі», бойынша оқушылардың өзіндік бағалауы анықталды, оқушылардың зейін деңгейін анықтау мақсатында «Мюнстенберг әдістемесі» өткізілді.
Мінез-құлықты түзетуге бағытталған «Менің қасиеттерім» жаттығулары 6-7 сыныптар аралығында тренингттер жүргізілді.
9-сынып оқушыларымен «Қандаймын», «Досымның мінезі» тузету жұмыстарын жүрзіздік.
11- сынып оқушыларымен «Тауып көр», «Ассоциация» жаттығулары өткізілді.
Наурыз айында үлгерімі төмен оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру мақсатында «Арыстан», «Менің қасиеттерім» жаттығулары жүргізілді.
Ата-аналар жиналысында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында түсіндірме жұмысы және кеңестер берілді. Әр сынып оқушыларының жиналысында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында жұмыстар, сонымен қатар әлеуметтік желілер туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, кеңестер берілді.
«Тәуекел топ» оқушыларының сабаққа, сабақтан тыс үйірмелерге қатысуын қадағалап, бақылау жұмыстарын өткіздік. Сонымен қатар отбасына рейд жүргізілді, содан кейін сауалнамалар, тренингтер өткізілді және психологиялық қолдау көрсетілді.
Қаңтар айында мектеп медбикесімен К.Қуанышовамен бірлесе отырып 8-11 сынып қыздар арасында «Ерте жүктілік туралы не білеміз?» сауалнамасы алынды. Сауалнама нәтижесінде қыздар ерте жүктілік туралы мәлімет және оның зиянды жағы туралы білді. Қыздар арасында қобалжытатын, келеңсіз жағдайлар кездескен жоқ.
Ақпан айында 8а-9а-10б сынып қыздарына «Әдептілік және жыныстық тәрбие» туралы ойларын білу, әңгімелесу және сауалнама алынды. Қыздарға 12 сұрақтан тұратын сауалнама жүргізілді. Жалпы сауалнама нәтижелері жағымды. Өз ойларын ашық жазды. Алаңдататын жағдай жоқ. Әсіресе 9а сынып қыздары ойларын нақты жазды. Ерте есейіп келе жатқан қыздар да бар.
Наурыз айында 9-11 сынып қыздар арасында «Ерте жүктіліктің алдын- алу» әңгімелесу жүргізілді. ДТІЖО: В.Дусимова, сынып жетекшілер қатысты. Талқыланған сұрақтар: Ерте жүктілік деген не? Ерте жүктілік немен қауіпті? Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктіліктің нәтижесі. Қыздардың ойын тыңдадық, осындай аталған сұрақтарға өз түсініктерімен бөлісті. Ондай кері іс-әрекеттерден сақ жүретіндерін, ақпарат мазмұны маңызды екендігін айтты.
Сәуір айында 8-10 сынып қыздар арасында кездесу өтті. «Зорлық-зомбылықтың алдын –алу және ерте мәжбүрлі некеден қорғану» туралы.
Қатысқандар: мектеп медбикесі: К.Қуанышова, ДТІЖО: В.Дусимова, Қ.Амирхан, мектеп психологы Смагулова С.Т, Нәтижесінде қыздарға қандайда бір ойларын ортаға айтуға ұсыныс айтылды. Оларға, батылдық, намысқойлық, ержүректік, мейірімділік, сенімділік бойларында әрдайым болу керектігі туралы кеңестер берілі.
2020-2025 бағдарламасында айтылғандай оқушылардың тәртібін жақсартудағы жұмысын күшейту. Құқық бұзушылық, ұрлық, т.б. алдын-алу мақсатында ата-аналар және оқушылармен әңгіме жұмыстары үнемі жүргізілді.
Мектепішілік «Ұлдар» клубының жиынында «Нашақорлық, ішімдік шылым шегудің зияндарын біле жүр!» салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Спорпен шұғылдану керектігі түсіндірілді.
Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуіне тәрбиелеу. «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен дөңгелек өткізілді
«Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша ерекше назардағы білім алатын оқушымен жұмыс есебі
Ерекше назардағы оқушылармен жұмыс.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым миністірлігіеің 2012ж 8-қарашадағы №500 бұйрығы,Түрген ауылдық дәрігерлік амбулаториясы дәрігерлік-консультатциялық коммиссияның қорытындысы,№6 облыстық психологиялық-медициналық педагогикалық консультанциясының тұжырымдамасы негізінде, мектеп директорының 28.08.2022ж №571 бұйрығына сәйкес
1. Д.Қонаев атындағы орта мектебінде 18 оқушы үйден оқиды. Жалпы бағдарлама бойынша-9 оқушы ЗПР бағдарламасы бойынша -2 оқушы,көмекші бағдарламасы бойынша -7 оқушы,оның ішінде жеңіл ақыл ой кемістігі бойынша -3оқушы,орта ақыл ой кемістігімен-3 оқушы оқиды.Үйден оқитын оқушыларға ата-анасының келісімімен беітілген сабақ кестесіне сәйкес пән мұғалімдері,арнайы мамандар үйден,кабинетте сабақ өтеді.Оқушылардың танымдық деңгейін ескере отырып,арнайы мамандар жылдық жоспарын құрады.Жоспар оқушымен 4 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді.
1.Қарым-қатынас дағдылары мен жеке тұлғалық адамгершілік-ерік қасиеттері
2.Сенсорлық дамыту
3.Зейін және есте сақтау
4.Ойлау және елестету элементтері
Оқушының ата-анасымен қарым қатынас деңгейі өзіндік бағалауы, таным процестерінің дамуын анықтауға арналған психологиялық дамытушылық тапсырма жұмыстарының нәтижелері,сабақтағы ерекше даму іс-әрекеті әр маманның,пін мұғалімдерінің жеке оқушыға арнаған «Даму динамикасын бақылау дәптері жазылады.
2.Ерекше білім алатын оқушылармен жұмыстардың жүргізілу барысы.
2022-2023 оқу жылында инклюзивті білім алатын оқушылар саны-5
Олар:
1.Гусейнова Айлин-3 «В»сынып оқушысы.Обструк гидрроцефалия.
2.Нұрмахан Абзал-6 «А» сынып оқушысы. ВПР врожд.расщелины губы инеба.
3.Берікұлы Мирас-9 «Ә»сынып оқушысы. Сколиоз.врожден.4ст.
4.Досмұрат Ақбота-10 «Ә»сынып оқушысы. ДЦП правост.гемипарез.
5. Мырзахан Раяна -4 «Б»сынып оқушысы.ОНР 2-уровня
6. Болат Әмирхан-6 «А»сынып оқушысы.Резидуальная энцеф.Заикание.
7. Махамбетұлы Нұрасыл -8 «А»сынып оқушысы.Заикание.
Оқушылар жалпы сыныпта,жалпы бағдарлама бойынша оқиды.Сынып жетекшілері мен дефектолог, педагог-психолог.әлеуметтік педагогтің оқушылармен жеке жұмыс жоспары құрылып,жұмыс нәтижелері даму диагностикалық картасына тіркелінеді.Оқушыларды бақылау барысында Берікұлы Мирас –сабақ үлгерімі орташа,тәртібі жақсы.Сулиев Исса-сабақ үлгерімі төмен ,үй тапсырмаларын орындауға тырысады.Досмұрат Ақбота-Сабақ үлгерімі өте жақсы,дене шынықтыру сабағынан жеңілдетілген тапсырмалар.жаттығулар беріледі.Гусейнова Айлин-Сабақ үлгерімі жақсы,үй тапсырмаларын орындап келеді,дене шынықтыру пәндері жеңілдетіліп өткізіледі. Оқушылар мектептегі инлюзивті кабинетке бос уақыттарында келіп дем алуға,сабаққа дайындалуға,дефектологтың сабағына қатысуға жағдайлары жасалған.
3.Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілген жұмыстар
Психологиялық-педагогикалық және отбасылық кеңес беру көп жағдайда біріңғай кеңес беру процедурасының аясында жүзеге асады.Үйден оқитын оқушылар ОПМПК қорытындысы бойынша 5-оқушы тіркелді.Олар:
1.Ачилбаева Диана-5 «Ә»сынып оқушысы.ДЦП левасторон .гемипарез. ср. тяжести.
2.Амоев Амир-4 «Д» сынып оқушысы.Состаяние п/оЗПРР
3.Баймахан Қалдыбек-6 «Ә» сынып оқушысы.Резидуально.орг. пораж цнс.ЗПРР
4.Беккерман Анна-5 «Д» сынып оқушысы.ДЦП спастич. Диплегия. ЗПР
5.Мәмбет Мансұр 5 «А»сынып оқушысы.Амнич.орг.с умственной отст.
оқушысы.ВПР.ЦНС.Оклюзив.гидроцефалия.ЗПР.Атрофия зрит нерва.Мектептегі инклюзив кабинетіне келіп дефектологтың сабағына -3 оқушы қатысады.
Оқушыларға сабақ барысында жүргізілетін әдіс-тәсілдер:
• Саусақ ойындары
• Қолдың бұлшық еттеріне арналған жаттығулар
• Сергіту жаттығулары
• Саусақ театры
• Мүсіндеу қызметі(ермексазбен)
• Құрастыру(құрастырғыш, лео)
• Апликациялар
• Штихтау
• М.Монтоссори тәсілдері(баулықтар,қыстырғыштар,ұсақ заттар,пазлы,мозойкалар.т.б)
Инклюзив кабинетіндегі сабақ барысы
Баймахан Қалдыбек
Ачилбаева Диана 5-сынып
Үйден оқытылатын балалардың сабақ барысы: Амоев Амир 4-ші сынып
Беккерман Анна 5-сынып
Мәмбет Мансұр 5-сынып
4.Ата-аналармен жүргізілген жұмыстар
Инклюзивті және үйден оқитын балалардың ата-аналарына жеке және топтық сабақтарға қатысуын ұйымдастырып, ата-аналардың балаларды қалай сабақта өздерін ұстауын,сабақта сұрақтарға қалай жауап бере алатынын,балалардың сабақтағы мінез-құлықтарының ерекшеліктерін көру.
6«Ә» сынып оқушысы Баймахан Қалдыбектің ата –анасы дефектолог сабағына қатысты. Ата-ана қатысуы кзінде сабақ барысы:
• Оқушымен ұсақ және ірі қол саусақ маторикасын жасады.
1.Баулықтар мен жұмыс.
2.Кірқысқыштар мен жұмыс.
• Артикуляциялық жаттығулар.Тілмен ,ерінмен жаттығу жасау
1. Тілмен жаттығу жасау: «Әткешек, тәтті тосап, шәшке т.б.»,
2. Ерінмен жаттығу жасау: «Жымию,күлу т.б»
Геометриялық пішіндерді құрастыру төртбұрыш,үшбұрыш. дөңгелек, сопақ, т.б.фигурарлар
«Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша тәуекел топ оқушыларымен жүргізілген жұмыс есебі
Қыркүйек айында сынып жетекшілермен мектептегі тәуекел топқа жататын оқушыларды анықтау мақсатында әңгіме жұмысы жүргізілді. Сынып жетекшілердің сұранысына сай тәуекел топ оқушыларының тізімі жасалынды. Биылғы оқу жылында мектепте 3 оқушы тәуекел топ тізіміне алынды.
Тәуекел топ оқушыларымен жұмыс жоспары құрылып, жүйелі түрде жұмыс жүргізіліп тұрады. Жоспарға сай қыркүйек айында тәуекел топ оқушыларына сынып жетекшілермен бірлесе мінездеме жазылды.
Қараша айында «Тәуекел топ» оқушыларының отбасылық-тұрмыстық жағдайын анықтау мақсатында оқушылармен әңгіме жұмысын жүргізіп, үйлеріне рейд жасалынды. Әлеуметтік педагогпен бірлесе оқушылардың үйін аралап, ата-аналарымен әңгіме жұмысы жүргізілді. оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру кеңестері берілді.
Қараша айында жоспарға сай оқушылардың темперамент типін анықтау мақсатында «Темперамент»тесті алынды.
Тәуекел топ оқушыларының сабаққа қатысуы үнемі қадағаланады. Бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында үйірмелерге қатысуы қадағаланады. Сабақтарына қатысып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасын бақыланды.
Желтоқсан айында жоспарға сай тәуекел топ оқушыларымен «Менің мақсатым», «Мен 10 жылдан кейін....» жаттығулары жүргізілді.
Қантар айында «тәуекел топ» оқушыларының сыныптастарымен қарым – қатынасын жақсарту мақсатында «Менің досымның мінезі» жаттығуы жүргізілді.
«Өмір тамаша» тақырыбында оқушылардың өмірге құштарлығын арттыру мақсатында топтық жұмыс жүргізілді. Тәуекел топ оқушылардың қатысуы, белсенділік танытуы қадағаланды.
Ақпан айында «тәуекел топ» оқушыларының сабаққа, сабақтан тыс үйірмелерге қатысуын қадағалап, бақылау жұмыстарын өткіздік. Сонымен қатар отбасына рейд жүргізілді, содан кейін сауалнамалар, тренингтер өткізілді және психологиялық қолдау көрсетілді.
Сәуір-мамыр айлар аралығында мектептің тәуекел топ оқушыларына түрлі тақырыпта әңгіме жүргізіліп, үнемі байланыс орнатылып тұрады, кеңес беріледі.
Жалпы сабаққа қатыспайтын, тәртібінде қиындық туғызатын оқушыларға кеңестер бірілді.
«Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыс есебі
Қыркүйек айында аутодеструктивті мінез – құлықтың алдын алу бойынша жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізілді.
Оқушылардың жазғы демалысын қалай өткізгендігін анықтау мақсатында 5-6 сынып оқушыларымен «Менің жазғы демалысым» сауалнамасы алынды. Оқушылармен әңгіме жұмысы жүргізілді. Жаздан алған әсерлері, демалыстан кейінгі көңіл-күйлері туралы сөз қозғалды. Жаңа оқу жылына кеңестер берілді.
Қыркүйек -қазан айында мектептің 5-10 сынып оқушыларынан өзара қарым-қатынасын анықтау мақсатында социометриялық әдіс жүргізілді. оқушылар арасында лидерлар анықтап, шеттетілген оқушылар анықталды. Сынып жетекшілерге социометриялық әдістің қорытындысы таныстырылып, балалардың қарым-қатынасын жақсарту мақсатында орындарын ауыстыру, лидерлермен шеттетілген оқушыларды отырғызу кеңесі берілді.
Қараша айында оқушылардың аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу, өмір туралы көзқарастарын анықтау мақсатында «Мен өмірді сүйемін», «Өмір тамаша» тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың өмірге көзқарастары жағымды, оқушылармен «Өмір тамаша» тақырыбында әңгіме жұмысы жүргізілді. Болашаққа қадам, мамандық таңдау, мақсат қою, армандау бойынша кеңестер берілді.
Қараша айында жоспарға сай оқушылармен «Өрмек торы», «Аяқталмаған сөйлем», «Менің қасиеттерім» жаттығулары жүргізілді.
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Менің құқықтарым» тақырыбында сауалнама алынды. Оқушыларға құқық туралы мәлімет берілді. Өз құқықтарын қорғау бойынша кеңестер берілді.
Желтоқсан айында жоспарға сай оқушылардан суицидтік бағыттылықты анықтау\ тесті алынып, қорытындысы ДТІЖО мен талқыланды.
Желтоқсан айында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатымен жасырын сауалнама жүргізілді. сауалнама қорытындысы әлеуметтік педагог және ДТІЖО мен талқыланды.
Қантар айында зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатыңда 5-11 сынып оқушылар арасында «Өмірге иә деп айт» акциясы жүргізілді. Ақция барасында 5-7 сынып оқушылар арасында платтарға сурет салу жүргізілді. 8-11 сыныптар арасында «Өмір тамаша атты шығарма жазуға берілді.
Желтоқсан айында жоспарға сай «Өмір сен маған қымбатсың» тақырыбында дөңгелек үстел, топтық жұмыс жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың өмірге деген қызығушылығын арттыру, жағымды позитивті ой қалыптастыру. Тоқсанына бір рет мектеп оқушыларынан құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жасырын сауалнама алынды. Сауалнама сұрақтары әлімжеттік, ақша жинау факторы, ұрып соғу мәселелері қозғалды. Сауалнама қорытындысы әлеуметтік педагог және ДТІЖО мен талқыланды. 11 сынып оқушыларымен «Менің арманым» армандар картасын құрастыру жұмысы жүргізілді.
Мектептегі жас мамандарымен «Баланың құқығын қорғау -қоғам міндеті» тақырыбында семинар өтті. Жас мамандарға оқушылардың құқығын сыйлау, құрметтеу кеңесі берілді.
Жыл бойына оқушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлық танытқан оқушылармен түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді. 5-6 сыныптар арасында өмірге қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Өрмекші торы» жаттығуы жүргізілді.5-8 сыныптар арасында «Қағып таста», «Лимон», «Айна» жаттығулары өткізілді. 7-9 сыныптар арасында «Өзің таңдаған өмір» тренингі, 8-11 сыныптар аралығында «Өмір және оның мәні» дәріс жүргізілді. Сынып жетекшілер отырысы «Өскелең ұрпақ арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу» семинары өтті. Денсаулыққа зиянды әдеттерге бой алдырған оқушыларды есепке алып, олармен бақылау жұмыстары өткізілді. «Тәртіптілік мінез-құлықтың адамгершілік қасиеті» пікір – талас өткізілді. Ата-аналармен «Дағдарыстан депрессияға дейін» дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар «Бала бос уақытында немен айналысады», «Балаңызбен пікірлесесіз бе?» сауалнамалары алынды.
«Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша жағымсыз сайттарды анықтау мақсатында жүргізілген жұмыс есебі.
Мектептегі оқушыларды жағымсыз сайттан қорғау мақсатында жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі.
Қазан айында оқушылардың әлеуметтік желідегі өмірін қадағалау мақсатында әлеуметтік желіге рейд жүргізілді. Оқушылардың аккаунттарын тескерілді.
Ата-аналарға балалардың әлеуметтік желідегі өмірін, ойнайтын ойындар, жағымсыз сайттар т.б. қадағалау мақсатында телефондарын қарау кеңесі берілді. Ата-аналар кері байланыста балалардың телефонын үнемі қадағалайтынын ескертіп айтты.
Сынып жетекшілермен «Қауіпсіз интернет» тақырыбында семинар жүргізілді. семинарда оқушылардың әлеуметтік өмірін қадағалау бойынша қадамдар таныстырылып, кеңестер берілді. Оқушылардың статусы, инстаграмдағы историясы, ВК, тик-токтарын үнемі қадағалау тапсырмасы берілді.
8 сынып оқушыларымен «Қауіпсіз интернет» тақырыбында дөңгелек үстел жүргізіліп, оқушыларға интернеттің адам психологиясына және өміріне зияны түсіндірілді.
5-6 сынып оқушыларымен «Қауіпсіз интернет» тақырыбында жұмыс жүргізілді. интернеттің адам өміріне зины туралы айтылып, интернетті тиімді пайдалану бойынша кеңестер берілді.
Мектеп оқушыларынан Интернеттегі қауіпсіздікті анықтау мақсатында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысы сынып жетекшілерге таныстырылды.
Ата-аналарға интернеттегі балалардың агрессивті ойындар ойнаудың бала психикасына зияны туралы мәлімет берілді. Ата-аналарға балаларының телефонындағы ойындарды қадағалау кеңесі берілді.
Ата-аналар жиналысында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында түсіндірме жұмысы және кеңестер берілді. Әр сынып оқушыларының жиналысында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында жұмыстар, сонымен қатар әлеуметтік желілер туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, кеңестер берілді.
«Сенім жәшігі» ай сайын ашылып, тексеріліп, АББ-не мәлімет беріліп отырылды.
Кабинет жабдықталды. Бірақ оқушылармен тренинг, ойын-жаттығу өтуге жарамайды. Папкасы, тіркеу журналы бар. «Сұраныстарды тіркеу», «Топтық жұмыстарды тіркеу», «Кеңесті тіркеу» журналдары уақытында толтырылды. «Нормативтік құжаттар», «Өз білімін көтеру» папкалары да реттелді. Психолог жұмысының іс-құжаттары номенклатура бойынша толық реттелді.
Қорытынды бойынша реттеліп, атқарылған жұмыстар:
1. Жылдық жоспар АОӘ 06.02.2015 жылғы №61 қаулысына сәйкес құрылып, 2022 жылғы 16 сәуірдегі №472 бұйрығы бойынша өзгертілді «Жылдық жұмыс жоспары», «Топтық және жеке жұмысын есепке алу журналы», «Педагог-психологтің консультацияларын есепке алу журналы».
2. Мұғалімдермен және ата-аналармен жоспарланған жұмыстар толық өтілді.
Әлеуметтік педагогтың 2023-2024 оқу жылы бойынша талдауы
Әлеуметтік педагогтың жұмыс мақсаты: Мектеп оқушыларымен,ата-аналарымен әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын,көпбалалы отбасы балаларын,жартылай жетім және оралман оқушылармен әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүргізу.Жаңа оқу жылының жоспарына енгізілетін ұсыныстар жасау.Жұмыс обьектісі оқушылар,олардың ата-аналары және отбасылары.Оқушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілетін жұмыстарға тоқталатын болсақ.
Оқу жылының басында жалпы мектеп бойынша тұрғылықты мекен жайы бойынша оқушылырымызға тұрмыстық зерттеу АКТ-сы жүргізілді.Зерттеу барысында 6- бала қамқоршы қарамағында тұрады. 19 оқушы үйден оқыттылады.
ТАМЫЗ-ҚЫРКҮЙЕК айында
1.Нормативтік құқықтық құжаттар реттеліп,шығарылды.
2.Мектептің әлеуметтік төлқұжаты,сыныптардың әлеуметтік төл құжаты жасалынды.
3.Әртүрлі әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың құжаттары (жартылай жетім балалар,сәтсіз отбасы,толық емес отбасы,көп балалы отбасы,аз қамтылған отбасы балалары анықталып,құжаттары талапқа сай жинақталды.)
4.Әлеуметтік педагогтың жұмыс жоспары құрылып бекітілді.
5. Жалпыға бірдей білім беру іс-құжаттары,тізімдер,мәліметтер жасалынып,бекітілді.Жұмысы үнемі жүргізіліп құжаттары жинақталуда.
6. «Мектепке жол» акциясы бойынша құжаттары жинақталып жыл бойына жұмыстар үнемі жүргізілуде.
7.Жылына екі рет жетім оқушылардың құжаттары жинақталып білім бөліміне тапсырылады.
8.ЖББ қорынан бір мезгіл тегін тамақпен қамтылатын оқушылардың құжаттары жинақталып реттеледі.
9. Үйден оқитын оқушылардың құжаттары ВКК. ОПМПК анықтамалары, басқада құжаттары жинақталады.
Оқу жылының басында әлеуметтік педагогтың жылдық,айлық апталық жоспары құрылып бекітілді.
«Мектепке жол» акциясы бойынша көмек алатын оқушылар тізімі құрылып,толық емес көп балалы отбасылардың оқушыларына үнемі көмек көрсетіліп келеді.
Жалпы мектеп бойынша 100 оқушы. Мектепке келген оқушылардың құжаттары тексеріліп,әр сыныптардың әлеуметтік төл құжаты жасалынып,жиналған мәлемет сараптамадан өткізілді.Жалпы күнделікті оқушылардың сабаққа келуі қадағалануда.Әлеуметтік педагогтың жұмысының бір бөлігі,өз құзырлығының шеңбері бойынша көмек қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау, оларға тиісті педагогикалық,психологиялық,материялдық көмек көрсету және кеңес беру болғандықтан сынып жетекшілерінің,әлеуметтік оқушылардың атаөаналармен байланысы қадағалануда.
№173 қаулысына сәйкес мектептегі әлеуметтік көмек алуға құқығы бар оқушылардың барлығы толықтай мектеп кітапханасының кітаптар оқу қорынан оқулықтармен қамтамасыз етілді.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап тегін ыстық тамақпен жалпы 465 оқушы қамтылып отыр.
№64 бұйрық негізінде 1-11 сынып аралығында барлығы 59 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Мектепішілік бұйрығы шығарылып, кезекшілік кестесі құрылып,апталық ас мәзірі ,тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың тізімі бекітілді. Мемлекет тарапынан 1-4 сынып аралығында жалпы 465 оқушы бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Оның ішінде №64 қаулы бойынша 59 оқушы кіріп отыр.
№64 қаулы бойынша тізімдегі 59 оқушыны қоспағанда 1-4 сынып аралығында 465 оқушы.
ҚАЗАН айында жоспар бойынша «Бала тәрбиесі мен қарым қатынасты жақсарту жайында ата-аналар үшін ұсыныстар дайындау,кеңестер беру,мотивациялық тестер жүргізу,психологиялық педагогикалық кеңестер жүргізілді.
Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларды анықтау,кеңес пен материалдық көмек ұйымдастыру жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Оқушыларды мәдени іс-шараларға тарту мақсатында «Әрбір бала бір жұлдыз жарқырауына жәрдем ет» тақырыбында кеңестер берілді.
ҚАРАША айында БҰҰ « конвенциясымен балалық шақ әлемі», «Баланың құқығы туралы тақырыбында халықаралық конвенция» 5-11 сынып аралығында өткізілді. 5-11 сынып аралығында қыз балалармен жиналыс ұйымдастырылып өткізілді.Тәрбиеге байланысты баяндама оқылып, тазалық,жеке бас гигиенасы жайлы жалпы кеңестер берілді.Қыз балалар арасында болатын ерте жүктіліктің алдын –алу жұмыстары жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Қыздар тәрбиесімен тазалық гигиенасы,Үлгілі үйдің қыздары,Жыныстық тиіспеушілік.Ерте жүктіліктің алдын алу,әр түрлі мәселелер қарастырылып өткізілді. 5-11 сынып аралығында ұл балаларға арналған «Ұлдардың жеке гигиенасы» тақырыбында кеңестер берілді.Жиналыс барысында қарастырылған мәселелер:Балалардың гигиеналық тәртібі,Зианды әдеттердің алдын-алу,Жыныстық тиіспеушілік,нашақорлықтың алдын алу,әр түрлі мәселелер қарастырылды.
Мектебімізде тұрмыстық зерттеу акт-сын жүргізу барысында анықталған сынып жетекшімен бірлесе отырыпөгей әке,өгей анамен тұратын оқушылармен жиі байланысқа шығып,үнемі бақылау жүргізіледі.
Сынып жетекшілерден сұраныстар қабылдау және сұраныс бойынша кеңес өткізу жұмысы бойынша сұраныстар түскен жоқ.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу,балалар құқығының қорғалуы бойынша 5-11 сынып аралығында іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
9-11 сынып аралығында Терроризм және экстримизмге қарсы іс қимыл «Діннен адастырар теріс ағым» тақырыбында жиын өткізіліп,анықтамасы жазылды.
Кәмелетке жасы толмағандар арасында құқықбұзушылық,жыныстық тиіспеушілік,нашақорлықтың алдын алу шаралары ұйымдастырылып өткізілді.
Дүниежүзілік балалар күніне орай:Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу,балалар құқығының қорғалуы бойынша іс шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
ЖЕЛТОҚСАН айында «Кел жаңа жыл,жаңа жыл» атты тақырыпта әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына жаңа жылдық шырша ұйымдастыру. Аудандық әкім шыршасына асыраушысынан айырылған 3-сынып оқушысы Шамаун Ян қатыстырылды.Шыршаға қатысқан оқушымызға сыйлықтар берілді. Мектепішілік жаңа жыл шыршасына әлеуметтік қамқорлықтағы оқушылар толықтай қатысты.
№ 64 қаулы негізінде әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушыларға мектебіміздің демеушісі Светлана демеушілік танытып, демеуші тарапынан тәтті сыйлықтар тарту етілді . №64 қаулы бойынша тізімдегі 10 оқушыға,жалпы қосқанда 42 кулек сыйға берілді.
Жалпы мектеп оқушыларына толықтай ата аналары демеушілік көрсетіп тәтті сыйлықтар берілді.
ҚАҢТАР айында
2024 жылдың қаңтар айынан бастап қамқоршылық кеңес мүшелерінің отырысында әлеуметтік көмек қажет ететін отбасыларының ұсынған құжаттарын қайта қарастыра келе,кеңес мүшелерінің шешімі бойынша 10 оқушы анықталып,анықталған оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылды. Құжаттары талапқа сай жинақталды.Әр айдың соңында ыстық тамақ ішетін оқушылардың есебі жасалынып,білім бөліміне өткізіліп отырады.Тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушыларымыз үнемі күнделікті уақытылы тамақтануын мектепішілік кезекшілік кестесі бойынша бақылауда болады.Мектепішілік бұйрықпен бекітілген бракеражды топ мүшелері асхананы тексеріп АКТ жазылады,әлеуметтік педагогтың күнделікті асхананы бақылау нәтижесі бойынша,ас мәзіріне сәйкес,асхананың тазалығы жайында бақыланып күнделікті тамақтану анықтамасы жазылады.
Жоспар бойынша ата-аналар жиналысына қатысып,әр бағыт бойынша алдын алу мақсатында ата-аналарға баяндама оқылып,кеңестер берілді.
Оқушылардың мектеп формасы үнемі бақылауда,оқушыларымыз оқу жылының басынан бастап мектеп формасы сақталуда.
АҚПАН айында
«Жаман әдеттен сақ болайық» әңгіме кеңес өткізілді.Оқушыларымыз қабырға газетін шығарып өз ойларын ортаға салып,пікір алмасты.
«Мамандықты дұрыс таңдау- табысты –өмір кілті» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларына слайд көрсетіліп,ойларымен бөлісіп,пікірлесіп, мамандыққа байланысты кәсіби бағдар берілді.мамандыққа байланысты сауалнама алынынды.
НАУРЫЗ айында «Мен –өмірді таңдаймын» тақырыбында 8-10 сынып оқушыларының арасында баяндама оқылып,психологиялық тренинг жаттығулары өткізілді.Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алды.Бір- біріне қиын сәтте қолдау көрсете білуге,қуаныштарын бөлісе білуді, өмірде ақ пен қараның қатар жүретінін дұрыс жолды таңдай білуді үйрену, ешқашан мойымауды үйренді.Қандайда бір істің тек жақсы жағын ала білу керектігін үйренді.
Теріссубмәдениеттердің таралуына жол бермеу және әлеуметтік желіде соның ішінде Тик-ток және Diskor-та диструктивті және жағымсыз мазмынды қарауға жол бермеу,өзге жағымсыз ағымдырдың қандайда бір ақпараттарына еліктемеу керектігі жайлы егжей-тегжейлы ақпарат берілді.
СӘУІР айы
2023-2024 оқу жылының сәуір айының 11-күні 1-4 сынып,5-11 сынып оқушыларына «Дұрыс тамақтану білеміз бе» тақырыбында іс шара өткізілді. Осы он күндік аясында оқушыларымыздан,ата-аналарымыздан сауалнама алынып,қорытындысы шығарылды.
Іс-шара мақсаты дұрыс тамақтана білу мәдениетіне тәрбиелеу,тазалық гигиенасын дұрыс сақтауға, өз денсаулықтарына дұрыс қарауға үйрету.
Оқушыларға дұрыс тамақтану ережесі , мәдениетімен таныстырылды
1. Денсаулығың жақсы болу үшін тамақтану ережесін сақтау керек. Тамақта әр түрлі тағам өнімдеін пайдаланған тиімді.
2.Тамақ әр түрлі жаңа өнімдер мен жеміс-жидектерден тұруы тиіс.
3.Қант пен тәтті ағамдарды аз пайдалан.
4. Ащы тағамдарды көп жеме.
5.Тамақтанып отырған кезде қолыңды сермеп жанындағыларды алаңдатарлықтай әңгіме айтпа, теледидар қарап, газет оқыма.
6. Тамақ ішіп болған соң міндетті түрде рахмет айт.
7.Адам ағзасына зиянды тағамдарды қолданба.
Тамақтану мәдениеті
1. Дұрыс тамақтану үшін тамақтанудың гигиеналық ережелерін сақтау, тамақ ішер алдында қолды жуу керек.
2. Тамақты жиіқ абылдау, майлы, тәтті, тұздыт ағамдарды пайдалану зиянды әдеттерге жатады. Тамақтың жақсы сіңуіне тағамның сыртқы түрі, иісі де әсеретеді.
3. Тамақ жеп отырғанда өзіңді жақсы ұста. Тамақ ішкен кезде сөйлеме, тамақты жақсылап шайнап асықпай, әдептілік сақтап іш.
Дәрумендердің адам ағзасына пайдасы жайлы түсінік берілді.
Ағзаға тағам арқылы енетін белоктардың, минералды тұздардың, майлардың, көмірсутегінің алмасуын тездететін заттар – дәрумендер. әрқайсысының өз атқарар қызметі бар дәрумендер қай жастағы адамға да қажет.
А дәрумені мал өнімдерінде болады. әсіресе бүйрек, бауырда, жұмыртқаның сары
уызында, сүт тағамдарында мол. А дәрумені жетіспегенде адамның көру
қабілеті төмендеп, заттың түсін ажырата алмайды. Шашы түсіп, терісі құрғап
кететіні жайлы айтылды.
«Дұрыс тамақтану білеміз бе» тақырыбында
Сауалнама қорытындысы
Бұл сауалнама жоспар бойынша 11 сәуір күні алынып,қорытындысы уақытылы шығарылды. Жалпы 1-4 сыныптар мен №64 қаулы бойынша 5-11 сынып оқушыларынан алынды.
Сауалнаманың мақсаты тиімді тамақтану деңгейін анықтау мақсатында балалардың дұрыс тамақтануға деген көзқарасын білу үшін жүргізілді.
Сауалнама барысында оқушылар шынайы жауап берді. Нәтижесінде барлық оқушыларға мектепте ұйымдастырылған ас мәзірі,мәзір бойынша берілетін тамақтар барлық баланың көңілінен шығатыны жайлы айтқан.
Оқушылар дұрыс тамақтану ережелерін толық біледі,тазалық,гигиена талаптарын үнемі сақтайтынын айтып өткен.
Мектептен тамақтанатын уақытта барлық оқушылар сынып жетекшілерімен,кесте бойынша кезекшілікпен ұйымдасқан түрде келеді.
Оқушылар жауапкершілікпен қарайды. Сауалнама барысында оқушылардың үйде уақытылы,дұрыс тамақтанатыны,гигиеналық талаптарды сақтайтындықтары жақсы екені көрініп тұр.
Сауалнама оң нәтижені көрсетті.
МАМЫР айы 15 мамыр Отбасы күніне орай «Отбасы бақыт мекенім» атты ата-аналар арасында іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
2023-2024 оқу жылы жоспар бойынша мамыр айында Тәрбие ісі жөнінің орынбасары В.Дусимова, әлеуметтік педагог А.Айдаров,мектеп психологы С.Сумагулова,мектеп медбикесі К.Куанышованың ұйымдастыруымен қыз балаларға арналған кең ауқымды ата-ана жиналыс өткізілді.
Жиналыстың мақсаты:Қыздарды ұлттық салт дәстүрді қастерлеп, тәрбиелі,білімді өнерлі болып өсуге,қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету,өз бойларынан,ойын дөрекіліктен сақтандыру;қыздарды инабатты қыз болып өсуге баулу.
Қыз балалар арасында болатын ерте жүктіліктің алдан- алу жұмыстарын жүйелі түрде түсіндіру.
Қыздар тәрбиесі мен тазалық гигиенасы
Үлгілі үйдің қыздары
Жыныстық тиіспеушілік
Ерте жүктіліктің алдын алу
Әр түрлі мәселелер
тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жеке бас тазалығының ережелерін есте сақтауға, оны күнделікті әдетке айналдыруға кыз балаларға арналған кеңестер берілді.
Мектеп психологы С.Сумагулова қыз балаларда болатын ерте жүктіліктің алдын алу бойынша кеңестер беріп, түсіндіру жұмыстарын айтып өтті.
Әр түрлі мәселелер бойынша сұрақтар қойлып, сұрақтарға жауаптар берілді.Оқушыларға кешкі рейд шаралары әр жиналыс сайын ескертіліп айтылып ,көшеде кешкі,түнгі уақытта жүрмеу туралы айтылды.
МАУСЫМ айында Аз қамтылған,әлеуметтік санаттағы балалардың бос уақыты мен жазғы демалысын ұйымдастыру жүзеге асырылуда. 1-маусым балалар күніне орай балаларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып,Ауыл азаматтарының,қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан,Қамқоршылық кеңес мүшелерінің тарапынан демеушілік көрсетіп жалпы мектеп оқушылары 100% пайыз тәттілермен,балмұздақпен қамтылды. Бастауыш сынып оқушылары мектепішілік лагерге қатыныасып уақытын тиімді өткізді.Алдағы уақытта аудандық,облыстық ұйым дастырып отырған балалар лагеріне оқушыларымыз бөліс кестесіне сәйкес 100% пайыз қамтылып отыр.
№ | Пән мұғалімдері | Мектепішілік | Аудандық | Облыстық | Республикалық | Халықаралық |
1 | Абдуманап Гаухар Бақтыбайқызы | 3 | 3 (Бекінбай П,Юлдашбай Б,Пірназар А) Алтын сақа | - | - | - |
2 | Абилкас Айгерим Симбатовна | - | - | - | - | - |
3 | Азизов Азиз Пашаевич | - | - | - | - | - |
4 | Азизов Мурат Нураддинович | - | - | - | - | - |
5 | Амирхан Құралай | - | - | - | - | - |
6 | Ералиева Алия Муратбаевна | - | - | - | - | - |
7 | Ескелдиева Индира Абаевна | - | - | - | - | - |
8 | Кабдиев Жүніс Маратович | - | - | - | - | - |
9 | Кабдиева Ботакөз Минажатқыз | 3 | 3 | - | - | 1 оқушы 23-24 оқу жылы Умербай Нурбол (Вена) |
10 | Кенебаев Джангабай Ходжахметович | 1 | 1 (Фазыл Қ) Алтын сақа | - | - | - |
11 | Колжасаров Нуржан Копжасарович | - | 1 (Айвазова А) Абай олим | - | - | - |
12 | Мешитбаева Айнур Кенесовна | 1 | 1 (Умербай Н) информатика пәні олимп | - | - | - |
13 | Нарманова Лаззат Муратбаевна | 2 | 6 | 1 Умербай Камшат математика пәні бойыншы | 12 | - |
14 | Сарсембаева Эльмира Жаниятовна | - | - | - | - | - |
15 | Талдыбаева Молдир Маратовна | 5 | 1 (Камзаева Г) Алтын сақа, 7 оқушы Абай олимпиадасы | 7 (места)+5 (сертифик) Абай ,Ақбота олимпиадасы | 2 Абай олимпиадасы (Айвзова И,Кибар Х) | - |
16 | Тойганбекова Айгуль Илиясовна | 1 | 2 (Рузукулова Т,Чунбаев А) Алтын сақа,ауд олим | 9 Абай олим | - | - |