2017-2018 оқу жылы «Д.Қонаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген қамқоршылық кеңес отырысының
№1 ХАТТАМАСЫ
10.10.2017 жыл
Қатысқандар:
Мектеп директоры Р.Ахметова
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Сейдаметова
Мектеп психологы С.Смагулова
Ата-аналар комитеті 1-11 сынып ата-аналар
КҮН ТӘРТІБІ :
1. «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру
2. «Қамқоршылық кеңестің» мүшелерін сайлау
Әр түрлі мәселелер
1.Тыңдалды: Мектеп директоры Ахметова Римма Ауесхановна сөйледі:
Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп директоры Р.Ахметова жиналысты ашық деп жариялап күн тәртібімен таныстырып өтті. Онда бірінші сұрақ бойынша сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27шілдедегі №355 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017жылғы 29 тамызда №15584 болып тіркеген хатын, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9 тармағын, басшылыққа ала отырып «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың туралы» ережесімен таныстырып, қамқоршылық кеңес мүшелерін ата-аналар арасынан сайлау, сайланған ата-аналар мектепке демеушілерді тартуы немесе ата-аналар тарапынан демеуші болуы керектігін де атап өтті.
Келесі кезекте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Т.Сейдаметова сөз алып, қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы толық ақпарат берді. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы арту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды.
А) Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
Ә) Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту.
Б) Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
В) Мектеп ұжымы жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.
Г) Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды қолдау мақсатында әлеуетін күшейту.
Ғ) Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.
Д) Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау. Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына, сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.
2. Тыңдалды: ата-аналар комитеті А.Плетнова сөз сөйледі
Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша сөз алған ата-ана комитеті А.Плетнева Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті. Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен Қамқоршылық кеңес төрағасы ретінде Мектебіміздің демеушісі жеке кәсіпкер Сабырбаев Бауыржан Сәрсенбі ұлы сайланды.
3.Тыңдалды: күн тәртібіндегі 3-ші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңес төрағасы Сабырбаев Бауыржан Сәрсенбі ұлы Қамқоршылық кеңесінің мүшелерін сайлауды ұсынды
Шешім:
1.Ата-аналар Қамқоршылық кеңес мүшелерін бірауыздан сайлады. Олар:
Қамқоршылық кеңес төрағасы: Сабырбаев Б.С, орынбасары Н.Сейдаметова
Хатшы: Л.Нарманова .
Қамқоршылық кеңестің мүшелері : Е.Карибаев , С.Лященко, А.Плетнева,Н.Кулаев, Б.Елшібаева, С.Смагулова
2.Жетім, жартылай жетім, жағдайы төмен, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға бірінші кезекте көмек беру ұйғарылды.
Қамқоршылық кеңесінің құрамы бұйрық бойынша бекітілді
қосымша №1
Қ.К төрағасы: Б.Сабырбаев
Хатшы: Л.Нарманова
Қосымша №1
2017-2018 оқу жылы Д.Қонаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қамқоршылық кеңесінің құрамы
№ Қ.К мүшесінің
аты -жөні Қ.К мүшесінің
лауазымы Қ.К жұмысы
Байланыс телефон Қ.К мүшесінің мекен -жайы ескерту
1 Сабырбаев Бауыржан Сәрсенбіұлы Жеке кәсіпкер Қ.К төрағасы 87017331097 Түрген ауылы, Аубакиров көшесі № 15
2 Елшібаева Бақытгүл
Қазезбайқызы «Еңбекшіқазақ ауданы жергілікті қауымдастықтар қоры» қоғамдық қоры атқарушы директор Қ.К мүшесі 87055421104 Түрген ауылы, Достық көшесі №85
3 Карибаев Ержан Серикович Түрген ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ.К мүшесі 87073505072 Түрген ауылы, Достық көшесі №57
4 Лященко Сергей Евгеньевич Директордың шаруашылық іс жөніндегі қызметкері Қ.К мүшесі 87775838429 Түрген ауылы, Д.Қонаев көшесі №25
5 Нарманова Лаззат Муратбаевна Ата-аналар көмитетінің мүшесі Қ.К хатшы 87014085142 Түрген ауылы, Терехина 85
6 Сейдаметова Наргиза Толибаевна Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.К төрағасының орынбасары 87478457276 Түрген ауылы, А.Жолдыбаев көшесі №15
7 Смагулова Салтанат Төлендиевна Мектеп психологы Қ.К мүшесі 87714740743 Талдыбұлақ ауылы, Сәрсебаев көшесі №31
8 Плетнева Анастасия Васильевна Ата-ана комитеті Қ.К мүшесі 32-8-58 Түрген ауылы, Имамбеков көшесі №25
9 Кулаев Нурадин Абдуллаевич Жеке кәсіпкер
Түрген филиалы түрік этно- мәдениет орталығының төрағасы Қ.К мүшесі 87754543005 Түрген ауылы, Ауезов көшесі № 139
Орындаған: ДТІЖО Н.Сейдаметова
Тел ном 87478457276